Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхамеджанова Гулнар Қалибекқызы » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхамеджанова Гулнар Қалибекқызы
03
март
2023

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхамеджанова Гулнар Қалибекқызы

2023 жылдың 01 наурыз  Алғыс айту күніне орай Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында  «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының іс-шара  жоспары бойынша 

Анықтама

          1 наурыз «Алғыс айту күнін» мерекелеуге арналған іс-шара жоспары жасалып, бекітілді.

        «Ризашылық – мейрімділік бұлағы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларды толеранттылыққа және рухани-адамгершілікке тәрбиелеу. 

          «Алғысқа шек жоқ!» мотивациялық роликті бастауыш  сынып оқушылары арасында мектеп психологтары видео арқылы көрсетті. Өскелең ұрпақты  бейбіт өмір сүруге, отансүйгіштік және сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында күнделікті өмірде алғыс айтудың мән-мағынасы туралы көрсетілді.

«Бізге алғыс айтуға себеп бер» атты түрлі өнер туындыларының көрмесі 

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын  дамыту;  әдептілікке,  кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу; Ұйымдастырған бастауыш  пәнінің мұғалімдері    . Көрме 1-4 сынып оқушылар арасында өтілді.

«Алғыс – сөздің асылы» презентациялар, бейнероликтерді ОЖҰ  ұйымдастырып оқушыларға көрсетті.Мақсаты: Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту.Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету.   Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.

              «Балалар денсаулығы – ұлт денсаулығы» тақырыбында  5-10 сынып оқушылар арасында футболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты:Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыр. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу.

Мектепішілік «Мейірім» акциясын әлеуметтік педагог Н.Кермухаметова өткізді. Қамқорлық акциясына байланысты мектепте «Мейірім» атты іс-шараға орай  аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға  жылы киімдер берілді. Білім алушыларда акцияға қатысып,  оқушыларға  өздерінің қалауымен оқу құралдарын беріп, өз үлестерін қосты. Осындай іс- шараға қатысып, қол ұшын берген мектеп әкімшілігіне ұстаздарға, оқушыларға ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз. 

«Асық ату» ұлттық ойыныңнан 3-4 сынып оқушылар арасында жарыстар ұйымдастырылды. Мақсаты балаларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау, ұлттық сана қалыптастыру болып табылады. Асықты әр қазақтың баласы ойнай білуі керек екенін түсіндіру. Ұйымдастырған дене шынықтыру пән бірлестігінің ұстаздары

         «Қазақ еліне мың алғыс» тақырыбында эссе жазуды қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Мухтарханова 8-10 сынып оқушылар арасында өткізді.Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

«Біз Мәңгілік ел, Ұландарымыз! атты әскери-патриоттық кездесуді 10 сынып оқушылар арасында АӘД пәнінің мұғалімі  ұйымдастырды. Мақсаты: Елдігіміздің белгісі болып саналатын - ұлттық нышандар елтаңба, ту, әнұранды, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу.
 Тәуелсіз еліміздің болашағы - жас ұрпақтардың бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге тәрбиелеу.
 «Ал, қанекей жігіттер» жігіт сұлтанын 8-10 сынып оқушылар арасында   Ұлдар ұйымының жетекшісі А.Тұрлығазы ұйымдастырды. Мақсаты: жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу.

«Алғыс-Әкеге, алғыс-Анаға, алғыс барша әлемге» тәрбие сағатын   7а,б сынып жетекшілер өткізді. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: ризашылық,  рахмет, алғыс туралы түсінік беру;үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық, әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

«Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасы, салт дәстүрлері» тақырыбында бірыңғай мерекелік сынып сағатын  5-10 сынып жетекшілері ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардің қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып,салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.    Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру

              «1 наурыз-Алғыс айту» мерекесіне орай «Ақ жүрекпен» мерекелік кеш ұйымдастырды.Мақсаты: Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық ,  ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету. Бейбітшіліктетатулықтаөмірсүругетәрбиелеу.