Тәрбие ісі жөніндегі орын басары Мухаметжанова Г » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие ісі жөніндегі орын басары Мухаметжанова Г
11
март
2024

Тәрбие ісі жөніндегі орын басары Мухаметжанова Г

2023-2024 оқу жылындағы  қыркүйек айының қортындысы бойынша 

АНЫҚТАМА



Қай кезеңде де қазақстандық қоғамда білім құндылығы жоғары дәріптелген. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ағартушы Ыбырай Алтынсарин балаларды оқу-ілімге шақырды.   Ы.Алтынсариннің арқасында алғашқы қоңырау соғылды. Оның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі де жастарды білім алуға шақырып,   оқу, өнер, ғылым – білімнің жалпы халық үшін даму жолы екендігін насихаттайды

                         «Әулиеағаш орта мектебі»  КММде Білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда мақсатында 1-11 сыныптар арасында  «Мектебім –мейірім мекені»  тақырыбында   сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.

Міндеттері:

- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;

- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;

- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру

1-қыркүйекте Білім күніне арналған сынып сағаттарға  мектеп әкімшілігінен және мектеп ұстаздары қатысты.   Сынып сағатының шеңберінде ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылды.

Сынып сағатын өткізу кезінде  оқушылар еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтар жайлы кең мағулматтар мен сусындады.

 «Мектебім –мейірім мекені»  тақырыбында  бойынша өтілген сынып сағаттар 1-2 минуттық бейнеролик фейзбук әлуметтік желілеріне жарияланды

          1-11 сыныптың сынып жетекшілері өз сыныптарын ережеге сай  безендірді.

А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған:  «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау»  Тіл апталығының жоспары құрылды,  апталықта   1-11 сыныптар арасында сынып сағаты  дөңгелек үстел,     челлендж т.б ұйымдастырылып Байтұрсынұлының туған күніне арналған:  «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау»  тақырыбында сынып сағаттар өткізілді

 Жеткіншектің жеті        жарғысы жобасы аясында: «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» мемлекеттік тілді оқытудың озық әдіс- тәсілдерін 5-11 сыныптар арасында  жұмыстар жүргізілді

 1-11 сыныптар  арасында«Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық» акциясы  насихатталды 

8 қыркүйек   «Құрмет-берік отбасының негізі» күнінің іс – шаралар  жоспары бойынша ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі  шаралар кешенін іске асыру мақсатында «Әулиеағаш  орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылғы 8 қыркүйек   «Отбасы-бақыт мекені» күнінің   іс – шаралары жоспарлы түрде өткізілді

Мақсаты: Қоғамда   отбасылық құндылықтарды насихаттау,отбасын, ата-анасын,  туыстарын жақындарын бағалау, құрметтеу сезімін кеңейтіу, отбасындағы қарым-қатынастың беріктігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын  дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

07.09.2023 күні   «Отбасы-бақыт мекені» ата- аналарды қатыстыра отырып,  іс – шаралар жоспарын бекітті.

08.09.2023 күні 1-4 сынып жетекшілері «Ата-ананы құрметтеу-әрбір адамның қасиетті борышы» бірыңғай сынып сағаттарын өткізді 

08.09.2023 күні 5-7   сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен   «Әрбір отбасы мемлекеттің қорғауында» құқықтық  тақырыбын түсіндіру жұмыстары жүргізілді

08.09.2023 күні жалпы ата-аналар жиынында «Отбасы – бақыт мекені»   тақырыбында     педагог психолог К.Д.Курманиязова тренинг  жаттығуларын өткізді .

08.09.2023 күні педагог – ұйымдастырушы  Ш.Жанаева     «Мерейлі отбасы»  тақырыбында челлендж  ұйымдастырып, әлуметтік желігежариялады

08.09 күні тоғыз айға 9 іс-шара жоспары  бойынша  сергіту сәті челленді ұйымдастырылды   Мақсаты: салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене шынықтырудың құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру 

«Спорт-денсаулық кепілі» спорттық ойынды дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  1-11оқушылар арасында   және спорт-денсаулық кепілі тақырыбында   ұлдар  арасында волейболдан спорттық жарыстар ұйымдастырылды.   Әлеуметтік желілерге жарияланды.

2023-2024оқу жылының басында жол қауіпсіздігі , жолда жүру ережесі  тұралы  жол-көлік инспекциясымен бірлескен   жұмыстардың    іс шара жоспары құрылды,  жоспар бойынша 

қыркүйек айының басында педагог-ұйымдастырушы   «Жолда жүру ережесі» тақырыбында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Тәрбие жұмысының   сынып сағатына 1-8 сыныптар арасында   жолда жүру ережесі тақырыптары кіріктірілді   

11.09 күні  тасымал   оқушылардың ата-анасынан балаларды тасымалдау туралы  өтініш   алынды. Ақарал, Қызылжиде,сарпылдақ ауылынан тасымалданып оқитын оқушыларға «Жолда өту ережесін сақтаудағы оқушылардың қатысы және жол ережесін білу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

“Мектептің ішкі тәртіп ережесін, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында “Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында 5-10 сынып оқышылары арасында “Толық адам ілімі” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

15.09. күні Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылды мектеп партасында қалыптастыру бағытында «Адалдық сағатын» өткізу жас ерекшеліктеріне сәйкес  жоғарғы сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық қылықтары мен зардаптары», «тәртіптің қажеттілігі қандай?» тақырыптарында 10 сыныптың сынып жетекшісі  Мукажанова     пікірталас ұйымдастырды

1-8сыныптар арасында еңбегі адал жас өрен жобасы аясында:   «Адал азамат – әділетті         Қазақстан»  тақырыбында сынып сабағын өткізіді.

 Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында:   9-11 сыныптар арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында сынып сағаты   ұйымдастырды нәтижесінде оқушылардың   қоғамдық тәртіп тұралы түсініктері қалыптасты.

18 қыркүйек  күні «Ізгілікке қалам тартқан...жас ғұмыр» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. 

Мақсаты: Ізгілікке қалам тартқан жас ғұмыр тақырыбындағы іс-шарамыздың мақсаты оқушыларды ізгілікке, жақсылыққа үндеу. Оқушыларымыздың ой-өрісін, қабілеттері мен қасиеттерін шыңдау және кітап оқу арқылы мол жетістікке жетуге болатынын түсіндіру.

«Ізгілікке қалам тартқан...жас ғұмыр» тақырыбындағы іс-шарамызды бастаймыз. Ізгілік, жақсылық деген атауларды естісек адамның бойы жылып, мейірленіп, күлімсірейді. Жақсы сөз-жарыс ырыс деген иә, бойында жүрегінде ізгілікгі бар адамның жүзі жылы, жарқын сөзі тартымды келеді иә. Адамзат баласы айналасынан, оқыған, көрген дүниелерінен нәр алып жүрек  сол нәрға толады. Ол жақсы, ізгі амалдар болса әрине адамдар игі істерді ойлайды, оны іске асырады. Мысал келтіретін болса бізге эссе, шығарма жазу керек болса біз ойымыздағы дүниені жазамыз, ал ол қайдан келеді? Жүректен келеді! Сондықтанда әр уақытта ізгілікке ұмтылу керек. Енді айтыңдаршы жақсылыққа, ізгілікке байланысты қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер? . Қойылған сұраққа оқушылар ұтымды көңіл толарлықтай жауап берді. Оқушылар бір-біріне кітаптар арасынан ізгілік амалдарының үзінділерін оқып берді. Жақсы сөз айтудан өзара жарысты.

27.09 күні 9 -11 сыныптар арасында   «Кітапқа жазылмаған тарих» тақырыбында АӘД пәнінің мұғалімі Е.Замзатов ерлік сабағы өткізді 

Мақсаты:

Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған және ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрек

етке қабілетті тұлға қалыптастыруға тәрбиелеу.

18.09.2023 күні  5-8   сыныптарының сынып жетекшілері     «Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі» атты Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай сынып сағатын ұйымдастырып өткізді.

 Мақсаты Қ.А.Ясауидің ілімі ұсынылатын ізгілікті ойлар туралы білім беру арқылы оқушылардың Қ.А.Ясауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру, ойшылдар еңбегін оқып-үйрену мен олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру және адамгершілікке тәрбиелеу болды. Оқушылар слайдтар арқылы Ясауидің өмірі және еңбектерімен танысып, алғын білімдерін блиц-турнир, сұрақ-жауап жұмысы арқылы пысықтады. Тарихи жазбаларға көз жүгірте отырып, оқушылар тарихтан да білімдерін нығайта түсті. Нәтижесінде оқушылар Ясауидің еңбектерін білді.

19.09.күні «Жасөспірімдер және қылмыс»  тақырыбында сынып жетекшілермен кезектен тыс жиналыс өткізіліп, буллинг, кибербуллингтің алдын алу жұмыстары түсіндіріліді. Сынып жетекшілерге ата – аналармен осы тақырыпта жиналыс өткізулуін тапсырылды. кеңірек оқып білуге талпыныс білдірісті

28 қыркүйек қазақ қаламгерлері Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкейдің туған күні. Бұл 3 арыстың артында ұлтымыздың ырысы, халқымыздың құтты қазынасы деуге лайық мол мұрасы, асыл сөздері қалды.

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай  ауылында дүниеге келген.Жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай  28 қыркүйек күні  5-8 сынып оқушылардың сынып жетекшілері сынып сағатын ұйымдастырды. Орны бөлек, заңғар жазушы жайлы біз білмейтін қырларынан тарих пәні мұғалімдері  сыр шертті. Оқушылар сүбелі сұхбаттан өздеріне ғибрат алды деген үміттеміз.

Оралхан Бөкей Қазақтың көрнекті қаламгері, сырлы сөздің сардары. Оралхан Бөкей - қамшының қысқа сабындай ғана ғұмырында асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерген жазушы..


1қыркүйек –Білім күні.Республика көлемінде   «Мектебім - мейірім мекені» атты алғашқы  қоңырау салтанатты жиыны  өткізілді.