Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гулнар Қалибекқызы » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гулнар Қалибекқызы
02
ноябрь
2022

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гулнар Қалибекқызы

Әулиеағаш орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылғы 09-20 қараша аралығында  «Бала   құқығы- адам құқығы», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанына арналғаніс-шара жоспары бойынша 

Анықтама

Республикалық онкүндіктің мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ.-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру. 

Әулиеағаш орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бала  құқығы- адам құқығы», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын өткізудің  іс-шара жоспары  жасалып, бекітілді. 

10 қараша «Құқығым бар» деген тақырыбында 5-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ж.Сабанбаева эссе байқауын өткізді.

11 қараша   «Түнгі қаладағы балалар»  мектеп мұғалімдері арасында түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, түнгі рейд жасалып, әлеуметтік желіге жүктелді.

14 қараша   «Құқық сабақтары –өмір сабақтары» тақырыбында әр сыныпта  сынып жетекшілер жоспар бойынша құқық оқуларын сынып сағаттарында өткізді. .

15 қараша  «Әр баланың құқығы бар- Каждый ребенок имеет право» тақырыбында 2-6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

16 қараша  «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында әлеуметттік педагог Н.Кермухаметова ата-аналар комитетінің мүшелерімен дөңгелек үстел өткізді.

17 қараша  «Өмір ағашы. Менің шежіремнің тарихы»  аясында   барлық сыныптарда  оқушылар өз ата-бабалары, жеті аталары туралы   сынып сағатында сұралып, сұхбат  өткізілді.

18 қараша  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» науқаны бойынша « Зорлық зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында акция ұйымдастырылып  8-11 сыныптар арасында әр сыныпқа тақырып беріліп оқушылар постер қорғап әлімжеттік, бопсалау, күш көрсету  жайлы өз ойларын ашық білдіріп, үндеу қабылдады.  Акцияға   Панфилов  АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ  полиция аға лейтенанты  Н.Н.Бейсенбаев, Панфилов  АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ  полиция капитаны М.Нысанбаев қатысып оқушылар зорлық зомбылық туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. 

Осы акцияда  мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық (эмоционалдық) және физикалық зорлық-зомбылық (буллинг) мәселелері бойынша  педагог-психолог Ж.Майлыбаева  8-11 сыныптар арасында   түсіндіріп   өтті. Кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгез қарау және зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сенім телефонының танымалдығын арттыру бойынша  оқушыларға ақпарат беріліп,  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

20 қараша  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанына арналған  іс-шара жоспары бойынша  қорытындыланды