Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова
03
октябрь
2022

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова

«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың 12-17 қыркүйек аралығында Отбасы күніне орай « Отбасы-бақыт мекені» апталығының өткізу бойынша іс-шара жоспарының 

Анықтамасы

Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.  Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2022 жылғы 12-17 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» апталығының іс-шарасы жасалынып, бекітілді.

Жоспарға сәйкес 1 – 4 сыныптарда  ««Берік отбасы- адамның сенімді тірегі» атты  сынып сағаттары өтті, сынып сағатының басты мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерін кеңейту болды. Сынып сағатының барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетілді, жағдайатты сұрақтар қойылып кері байланыс алынды.  Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу. 

 «Отбасы – бақыт мекені» апталығының іс-шарасы негізінде мектеп психологы Курманиязова Кеңесгул Даниярқызы   «Отбасы өмірдің мәні» атты 8-9 сыныптың ата-аналарына психологиялық жаттығулар мен кеңестер берді. Ата-аналар психологиялық кеңестерден өздеріне бала тәрбиесіне қазіргі замандағы кибербуллингке және буллингке байланысты телефонға тәуелділікті жою мақсатында балалармен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың қызғушылықтарын білу әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету керектігі туралы көптеген мәліметтер алғандарын айтып кері байланыс берді. 

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Жеке адамның бойындағы ар – ұяты, ақыл – ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым – қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта екенін түсіндіру мақсатында мектебіміздегі "Жалын" дебаттық клуб мүшелері және жетекшісі Жапсарова Ардақтың қатысуымен «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі» атты дебат өтілді.  Дебат барысында «Отбасы» құндылығын түсіну қабілетін дамыту;Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын біліктер мен дағдыларды қалыптастыру сияқты мәселелер қозғалып, оқушылар өз керектілерін алды.   «Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі»тақырыбында 1-4 сыныптар арасында коллаж жасалынып  стенд ұйымдастырылды . «Толағай» отбасылық сайыс 1-4 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып өткізілді.  «Ата-ананы құрметтеу әрбір адамның қасиетті борышы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Отбасы.