Мектеп психологтары » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2022

Мектеп психологтары

 Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері


Психологиялық қызметтің мақсаты: білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1)білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2)білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

3)білім алушыларды психологиялық – педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;

4)психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

5)психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

6)білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;

7)психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;


Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыты және мазмұны


    Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық – профилактикалық, түзету – дамытушылық және әлеуметтік – диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.

1.Психодиагностикалық бағыттар:

1) білім алушылардың психикалық дамуын анықтау мақсатында оларды психологиялық диагностикалау; 2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру; 3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау; 4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.

2. Консультациялық бағыттар:

1) білім алушыларға, ата – аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру; 2) білім алушыларға, ата – аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін – өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым – қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу; 3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету; 4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.

3. Ағартушылық – профилактикалық бағыттар:

1) білім алушылар мен педагогтердің өзін – өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету; 2) білім алушылар бейімсіздігінің алдын алу; 3) білім алушылардың әлеуметтік мінез – құлқының алдын алу; 4) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу; 5) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің жұмысына ықпал ету.

4. Түзету – дамытушылық бағыттар:

1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренинтер өткізу; 2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, интеллектуалдық, эмоционалды – жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру; 3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетуді жоспарлау.

5. Әлеуметтік – диспетчерлік бағыттар:

1) педагог – психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға, т.б.) аралас  - мамандармен жұмыс жүргізу; 2) әлеуметтік – медициналық – психологиялық қызметтер туралы банкін қалыптастыру; 3) аралас – мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара әрекет нәтижелерінің мониторингін жүргізу.