Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық мерекесін өткізу бойынша
АНЫҚТАМА
« Біртұтас тәрбие баңдарламасы» аясында 2024 жылдың 23-25 жұлдызында мектепалды даярлық топтары, 1-4 сыныптарда ертеңгілік, 5-9 сыныптарда сынып сағаттары, 10-11 сыныптарда балмаскарад өткізілді. Іс-шараға мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әр сыныпқа бекітілген жауапты мұғалімдер, аяз ата, ақша қар мен кейіпкерлер қатысты. Аяз ата мен ақшақар және кейіпкерлер әр сыныпқа кіріп балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлады, оқушылардың өнерін тамашалап, ізгі тілектер тіледі. Жаңа жылдық іс-шараға мектеп директоры Г.З.Қойжаярова, ата-аналар комитетінің төрайымы А.Жайберген, қамқоршылар кеңесінің төрайымы А.Б.Сәрсенбаева, аналар кеңесінің төрайымы Ш.Н.Сейдірахманова, әкелер кеңесінің төрағасы Е.Ешқаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға ізгі лебіздерін білдірді. Әр сыныптың ертеңгілігі, сынып сағаттары өз деңгейінде өткізілді. 10-11 сыныптардың балмаскарады өз деңгейінде өткізілді.
https://www.facebook.com/share/19kiaadPNt/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/1YFhr542fM/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/p/1DBxpj5PUv/?mibextid=wwXIfr
