Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова

09.01-17.01.2025 оқу жылындағы «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында өткізілетін құқық апталығында өткізілген іс-шаралардың
Анықтамасы.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың құқық және міндеттері туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, өз құқықтарын қорғау білуге, міндеттерін тиянақты орындауға үйрету.
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты;тұлғаның саяси, құқықтық жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін;балалар мен жастардың құқықтық санасын, балалар мен жастарортасындағы қатыгездік пен зорлық зомбылыққақарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Заң және тәртіп» айында азаматтық, құқықтық тәрбие бойынша жұмыстар жүргізілді.
Апталық барысында ұйымдастырған іс-шаралар жоспарға сай өтті, соның ішінде кездесулер, сайыстар, тәрбие сағаттары ,дөңгелек үстел және сыныптан тыс іс- шаралар. Апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні лездемеде айтылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
09 қаңтар күні «Салауатты өмір салты. Бала денсаулығына шылым шегудің зияндылығы» тақырыбында 4а,б сыныбының жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Қоғамдағы заң және тәртіп» тақырыбында Б.Татиева зияткерлік ойын өткізілді.«Бала құқықтары туралы Конвенциясы» тақырыбында құқық пәнінің мұғалімі Б.Султан мұғалімдер арасында құқық оқуларын өткізді. «Жасөспірімдер және құқықтық сауаттылылық» тақырыбында құқық пәнінің мұғалімдері 8-11 сыныптар арасында конференция өткізіп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.Заң және тәртіп (құқықбұзушылық, буллинг/кибербуллинг, лудоманияның алдын алу) бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Әр сыныпта сынып сағаттарында құқықтық оқулар жүргізілді.
«Құқықтық мәдениет және оның маңызы. Мінез-құлық ережелері»тақырыбында 7А,Б сыныптары құқық оқулары өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өз міндеттер мен құқықтарды ажырата білді.
«Құқықтық сауаттылық –заман талабы»тақырыбында педагог-психологЖ.Майлыбаева оқушыларға презентациялар көрсетіп, ойларымен бөлісті.
Жоспар бойынша тарих және құқық пән мұғалімдері «Құқық бұзушылықтың алдын алу»тақырыбында 8-9 сынып оқушылармен интеллектуалды ойын сабағын өтті. Сабақта бейне роликтар көрсетіліп,оқушылар өз бетінше ситуацияларды шешті. Міндеттер мен құқықтарды ажырата білді. Сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы бағаланды.
«Ата-ана құқығы мен міндеттері» тақырыбында ата-ана жиналысында ата-аналармен құқықтық оқу өткізілді. Барлық сыныптарда « Оқушының құқықтары мен міндеттері» тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кері байланыс жасалды. Жалпы ұлдар және қыздар жиналысы өткізілді, жиналыста Панфилов АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Нурлаби Талшын оқушылардың құқықтарымен міндеттері, қылмыстық жауапкершілігі жайында айтып өтті.
Жыныстық сипаттағы ерте жүктілікке байланысты «Қызғалдақ» қыздар ұйымының «Инабаттылық имандылықтан басталады» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
Жиналыста «Инабаттылық имандылықтан басталады» тақырыбында қыздар ұйымының төрайымы Г.Тоқсейтова баяндама оқыды, мектеп педагог – психологы Ж.Майлыбаева қыздардың тәртібі, ерте жүктіліктің алдын – алу, сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы айтты. және қоршаған ортада өзін-өзі ұстай білу,жат қылықтардан өзін сақтандыра білу жайлы ой бөлісті.
Мектеп медбикесі Ж.Талғарбаева «Жүктіліктің алдына алу» туралы қыздарға ақыл-кеңес беру мақсатында әңгіме жүргізді. 9Б сынып жетекшісі А.Айтақынова қыз балалардың жеке гигиенасы, достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары жайында ой қозғады .Жиналыста «Қазақ қызы қандай болуы керек?» тақырыбында мектеп психологы Ж.Майлыбаева бейнеролик көрсетті.
Апталықтың қортындысы:
Барлық іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді. Іс-шараларға мектеп әкімшілігі қатысты.Құқық және тарих пәнінің мұғалімдері жоспар бойынша іс-шараларды өз уақытында өткізді Іс-шараға барлық сыныптар белсенді қатысты.Жүргізілген іс-шара бойынша анықтамалар өткізілді.
https://www.facebook.com/share/p/19fTxmAqyZ/?mibextid=wwXIfrhttps://www.facebook.com/share/p/1JkyaJnxGE/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/p/1CD4wWxFfz/?mibextid=wwXIfrhttps://www.facebook.com/share/p/14p84wnpbW/?mibextid=wwXIfrhttps://www.facebook.com/share/p/18eXue6mcR/?mibextid=wwXIfrhttps://www.facebook.com/share/p/1DoAtLytQr/?mibextid=wwXIfrhttps://www.facebook.com/share/1E9RWQtBbG/?mibextid=wwXIfr
