Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхамеджанова Гулнар Қалибекқызы
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақытындемалысын ұйымдастыру бойынша іс-шара жоспарына
Анықтамасы
Балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі және балалардың шығармашылық дамуына, олардың рухани әлемі мен интеллектін байытуға мүмкіндік екені баршаға аян.
Демалыс - бос, оқу сабақтарының уақыты, балаға ерекше назарды «аймақ», оны әлеуметтік қорғау болып табылады.
Оқушылардың күзгі демалысы кезінде пайдалы және белсенді іс-әрекет жүйесін жетілдіруге және дамытуға бағытталған.
Балалардың заңды мүддесімен құқықтарын қамтамасыз ету - Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі.
Демалыс кезіндегі балалардың бос уақытының қамтылуын ұйымдастыру - мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. Бұл уақыт балалардың шығармашылық, рухани-адамгершілік, интеллектуалды дамуына мүмкіндік береді.
Демалыс кезеңі - балаға әлеуметтік қолдау көрсету және ерекше назар аудару уақыты болып табылады.
Мақсаты: күзгі демалыс кезіндегі балалардың шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерін, дене бітімін жетілдірудің құндылығын дамытуға бірыңғай іс-шаралар өткізуге бағыттау.
Міндеттері:
1. Күзгі демалыс кезіндегі баланың бос уақытын тиімді пайдалануға және демалыс жүйесінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау.
2. Күзгі демалыс кезінде балалардың денсаулығы мен сауықтыруына, демалысына әдістемелік қолдау көрсету.
3. 1-11 сынып оқушыларының іс-шараларға толық қатысуын қамтамасыз ету.
«Әулиеағаш орта мектебінде» жоспар жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша 28 қазан мен -02 қараша аралығында барлығы қамтылып өткізілді.
28-қазан мен 03 қараша аралығында «Ұлттық мектеп лигасы аясында «Тоғызқұмалақ-DAY»тақырыбында ұлттық ойындардан жарыс өткізілді.28-қазан күні «Күз әлемінде», «Алтын күз» тақырыптарында сурет байқауы ұйымдастырылып, оқушылар қызғушылығы жоғары деңгейде болды.
29 қазан күні «Күзгі асар», «Күз- әсемдік әлемі» тақырыбында күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды.
Балалар қауіпсіздігінің алдын алу бойынша ата-аналарға арналған нұсқаулықтар жүргізілді. Каникул күндері өмір қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі туралы түсіндірілді. Мектепішілік есепте, қолайсыз отбаслыраны рейдтік шара ұйымдастырып мектеп инспекторы С.Ж.Абуов, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары барлық оқушылардың үйлерін аралады. Іс–шаралар құқықтық ақпараттандыруға, шығармашылық, интеллектуалдық дамуын жүзеге асуыруға ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналды.
https://www.facebook.com/share/p/1BmhBmwV5Q/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/p/178uZAyZ6h/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/1C1LTjWhcz/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/1MHwAYUUz5/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/1Ep35EW73x/?mibextid=wwXIfr


