Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гульнар Қалибекқызы
17.02-.27.02 аралығында«Өмір, сен неткен ғажапсың!» онкүндіктің өтілуі туралы
Анықтама
Мақсаты: Оқушылардың өмірге құштарлығын арттыру, эмоциялық жағдайларын жақсарту, өмір құндылықтарына деген құзырлығын көтеру;
Ақпан айының 17-жұлдызында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өмір, сен неткен ғажапсың!» тақырыбында акция ұйымдастырылды.. Түске дейін 8-11сынып оқушылары, түстен кейін 5-7сынып оқушыларының қатысуымен мектептің АКТ залында жүргізілді. Әр сынып оқушылары қолдарына түрлі-түсті шарларды ұстап, өз ұрандарымен, тамаша көңіл-күймен акцияға қатысты. Мектеп психологтары «Мейірімді жүрек», «Бәрі жақсы, бәрі жақсы ИӘ!» жаттығуларын жүргізіп, оқушыларды өмірді сүюге, қадірлеуге, қастерлеуге және өмірді мәнді өткізуге байланысты жаттығулар жүргізіп,оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Оқушылар акцияға белсене қатысты.

Ақпан айының 20-21жұлдызында 1-11сыныптармен «Мен өмірді сүйемін!» сынып сағаттары өтілді. Әр сынып сағаттары өз деңгейінде жүргізілді. Оқушыларға өмірді қадірлей, бағалай білу керек екендігі, өмір берілген сый , сол сыйды мәнді өткізу керек екендері туралы ой-пікірлер айтылып, кері байланыстар алынды.Бастауыш сынып оқушылары жарқын болашақ туралы ән салып, би биледі.

Ақпан айының 21-жұлдызында 1-4 және 8 сынып оқушыларымен«Өмірге құштар жандар!» тақырыбында видиороликтер көрсетілді
Өкінбе, өкпелеме бүгінгіңе
Өмір, өмір болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге деп ақиық ақынның өмірге, өнерге деген құштарлығын өздерінің бойларына сіңіріп,үлгі алуға шақырды.


Ақпан айының 23-жұлдызында 8-11 сынып оқушылар арасында «Өмір-керемет!»тақырыбында эссе жазылды.
Мақсаты: Оқушылардың өмірге құштарлығын арттыру, эмоциялық жағдайларын жақсарту, өмір құндылықтарына деген құзырлығын көтеру:
Эсселер жаздыру арқылы оқушылардың өмірге деген құштарлықтарының, қызығушылықтырының жоғары екені, өмірді қадірлей, бағалай білетіндіктері өмірді берілген сый , сол сыйды мәнді өткізу керек екендері туралы өз ойларын жеткізген. Барлық оқушыладың өмірге көзқарастарының позитивті екені анықталды.

Ақпан айының 24 -жұлдызында бастауыш сынып оқушылары арасында «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты:Оқушылардың сурет салдыру арқылы өмірге деген құштарлығын арттыру, қызығушылықтарын ояту, отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру;


Ақпан айының 27-жұлдызында 8-11 сынып оқушылар арасында «Мен өмірді сүйемін»тақырыбында онкүндіктің қорытынды кеші болды. Оқушылар өмір туралы өлең жырларын ортаға салды Кеш соңын мектеп директоры Г.З.Қойжаярова қорытындылады
