21
апрель
2023
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Изтай Байдельдаев Қурманбекұлы
20 –сәуір күні мектепалды, 1 -11 сынып ата – аналарымен жалпы жиналыс өткізіліп, 2022 -2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ата –аналар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Ата – аналар комитеті мүшелері құрамынан комиссия мүшелері сайланды. Ұйымдастыру іс – шарасы бекітілді. Мектеп бітіру, соңғы қоңырау мерекелерін өткізу ата – ана тарапынан мектепке мұғалімдерге сыйлық алуға, ақша жинауға қатаң тиым салынатындығы ескертілді.

