Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Шахметов Қуаныш Асқарұлы » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Шахметов Қуаныш Асқарұлы
05
июнь
2023

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Шахметов Қуаныш Асқарұлы

«Толағай»  дене тәрбиесі және АӘД пән бірлестігінің  2022-2023 оқу жылына талдау нәтижелері.
Елбасымыз еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында игі бастамаларды қолға алып,тиісті орындарға арнайы міндеттер жүктеуде.Бұлардың қатарында халықтың саулығын жақсартып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері де бар. Себебі,дені сау ұрпақ қана кез келген кедергіге тойтарыс беріп,кемел болашаққа жол бастайды.Бұл ретте салауатты өмір салтын қалыптастыруда орта білім ошақтарындағы дене тәрбиесі пәнінің маңызы айрықша. Қазір жер-жаһан күнде жаңарып,сәт сайын жаңа бір технологияның тұсауы кесіліп жатқан кез.Соған сәйкес, бәсекенің де көз алдымызда артып,бүгінгі қарқынның ертең жарамай ,шабан аттың күйін кешіп жатқанына да куә болып жүрміз. Мектеп қабырғасындағы осы бір өткелдің іргесін нығайтып,жас жеткіншектердің спортқа деген қызығушылығын ояту – дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін жасалған игі істердің негізгісі. Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуына Әулиеағаш орта мектебінің ұжымы да өз үлесін қосуда.Соның ішінде оқушылырға арналған «Мектеп лигасы» спартакиадасы да бар.Әулиеағаш орта мектебінің «Толағай» дене тәрбиесі және АӘД пән бірлестігінде 5 мұғалім жұмыс атқарады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дегендей,спорт саласы адамның денсаулығына ғана оң әсерін тигізіп қоймайды,сонымен бірге,рухани дамуына да мол үлес қосады.Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Ал,осындай,ертеңгі күні мемлекетіміздің тұтқасын ұстайтын, ұлт мүддесін ойлайтын жастарды тәрбиелеп қалыптастыру – әрбір ата-ана мен ұстаздың негізгі міндеті.Осы ретте,мектептегі дене шынықтыру пәнінің маңызы айрықша. Елбасымыздың   халыққа арнаған барлық Жолдауында елдің болашақ даму бағытын айқындауда дене шынықтыру мен спорттың дамуына, салауатты өмір қалыптастыруға ерекше тоқталып өтеді.Осы мақсаттарды іске асыру бағытында әртүрлі іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып,өз нәтижесін беруде. Бұл үрдістен біздің мектепте шет қалған емес. Соның айғағы,ретінде Әулиеағаш орта мектебінде спорттың   футбол,футзал,шахмат,волейбол түрлерінің жүргізілуі өз деңгейінде.
Ұлттық мектеп лигасының мақсаты мен міндеттері:      Лиганың мақсаты: - балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту; - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу; - дарынды балаларды анықтау;                                                                                       
Міндеттері: - салауатты өмір салтын насихаттау; - өскелең ұрпақтың азаматтық және патриоттық ұстанымын қалыптастыру, позитивті өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру     - жалпы білім беру ұйымының білім алушыларынан (бұдан әрі-команда) құрылған, спорт түрлерінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізген командаларды айқындау; - спорт түрлері бойынша (баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, футзал, шахмат, асық ату – бес асық,қол добы,үстел теннисі) жалпы білім беру ұйымдары білім алушыларының жарыстық қызметін дамыту. 2022-2023оқу жылында   оқушыларымызды «Мектеп лигасы» жарыстарынан қалдырмауға тырыстық нәтижеміз де жаман емес . 
 «Былғары доп»  3- орын.    7-8 сынып Футбол Жетекшісі Нартбаев Руслан.   Волейбол   3-орын 9-11 сынып. Волейбол Жетекшісі Бейсенбеков Нұрлан  Ұлттық ойын Асық ату    2- орын   9-11 сынып. Жетекшісі Атамбаев Шалқар . Қол добы 2-орын  5-6сынып Жетекісі Бейсенбеков Нұрлан.