08
сентябрь
2023
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гульнар Қалибекқызы
8- қыркүйек –Бірыңғай Отабсы күніне атқарылған іс-шаралар есебі «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамассыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» атты жоба аясында Панфилов ауданында өткен іс шаралардың есептері
№1 атқарылған іс-шара | |
| Іс-шараның атауы | Дәріс |
| Өткен уақыты ме орны | АКТ залы |
| Тақырыбы | «Отбасы – бақыт мекені» |
| Лектордың аты-жөні | Кермухаметова Н.Ж |
| Лектордың толық баяндамасының толық мәтіні | Адамзат баласының тірі тіршіліктен ойлану, сезіну, уайымдау дейтін күйлермен ерекшеленетіні бәрімізге белгілі. Ал, осы күйлерді "отбасыға "- байланысты жағдайларда бастан кешіріп жатамыз. Отбасы үлкен құндылық. Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет.Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. М.Жұмабаев былай деген екен: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн” Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады. Ұрпақтың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатыны белгілі. Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Жанұя – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Жанұяның әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ, - деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Осы орайда елімізде "Отбасы күні"-белгіленіп, Отбасы ұғымының құндылығын тереңнен түсінуге қадамдар жасалынды. "Отан отбасынан басталады"-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Отбасындағы әрбір жанның жақсылыққа бет бұрып сол жолда қалыптасуы отанымыздың өркендеуіне тікелей әсер ететіні сөзсіз. Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет.Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Осындай үлкен мәні бар құндылықтар жатқан "Отбасы" ұғымын ұлықтап, дәріптегеніміз абзал. Баршаңызды "8 қыркүйек-Бірыңғай Отбасы күні"-мен құттықтаймын. Отбасы бақыттың мекені. Отбасыларыңыз аман болсын, еліміздің іргесі биік болсын! |
| Қатысушылардың жалпы саны | 150 |
| фотосуреттер(2-3 фото) | |
| Жергілікті Бақ-тардан шыққан жариялымдар (скриншот) | |
| Әулеметтік желілердің сілтемелері | https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02UVMb3dWX1V3yaYvaxyVHpKQVziSmVHpucBMgqLJb7CCxEK76CMRkNLZjQt6AND17l&id=100049873793498 |
| №2 атқарылған іс-шар | |
| Іс-шараның атауы | Психологиялық тренинг |
| Өткен уақыты ме орны | Акт зал |
| Тақырыбы | «Бақытты отбасы» |
| Лектордың аты-жөні | Мектеп психологы: Майлыбаева Ж.К |
| Лектордың толық баяндамасының толық мәтіні | |
| Қатысушылардың жалпы саны | 150 |
| фотосуреттер(2-3 фото) | |
| Жергілікті Бақ-тардан шыққан жариялымдар (скриншот) | |
| Әулеметтік желілердің сілтемелері | https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02UVMb3dWX1V3yaYvaxyVHpKQVziSmVHpucBMgqLJb7CCxEK76CMRkNLZjQt6AND17l&id=100049873793498 |
| №3 атқарылған іс-шара | |
| Іс-шараның атауы | Сынып сағаттары |
| Өткен уақыты мен орны | Сынып бөлмелері |
| Тақырыбы | «Отбасы – бақыт мекені» |
| Лектордың аты-жөні | Сынып жетекшілер |
| Лектордың толық баяндамасының толық мәтіні | |
| Қатысушылардың жалпы саны | 180 |
| фотосуреттер(2-3 фото) | |
| Жергілікті Бақ-тардан шыққан жариялымдар (скриншот) | |
| Әулеметтік желілердің сілтемелері | https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02FxnFFHFvZtkHNUUb1LJU9bfTeN19rQWt1vUCNmZMQfTPdfnnt8PKYFa6EUP7zPT6l&id=100049873793498 |