Педагог - ассистент Умырбекова Маржан » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог - ассистент Умырбекова Маржан
01
февраль
2023

Педагог - ассистент Умырбекова Маржан

                                             Педагог - ассистент Умырбекова Маржан  Жарты жылдық есеп

Педагог-ассистентУмырбекова Маржан Сейтовнаның 

2022-2023 оқу жылындағы

атқарған I жарты жылдық жұмысының


Есебі


Оқушының аты-жөні:                   Жұматай Санжар Мақсатұлы 

Туған - жылы:                                 05 сәуір 2012 жыл

Диагнозы:                                        ОНР – ІІІ уровня       F 70.1

Сыныбы:                                          5 «Б»


Жұматай Санжар Мақсатұлы  2012 жыл 5 сәуір күні Пенжім  ауылында дүниеге келген. Әкесі Раев Максат Жуматаевич – қайтыс болған,  анасы Тойлубаева Жадыра Танджарыковна  . Анасы Толубаева Жадыра Танжарыковна   бала   күтіміне байланысты үйде.     Отбасында 3  бала. Қазіргі таңда Жетісу  облысы  Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылы Салпық би  би көшесі №17 мекен жайына тіркелген.  Әлеуметтік жағдайы – жақсы . Жұматай Санжарға оқуына көмектесу, бейімдеу мақсатында  педагог- ассистент   2022 жылдың 01қыркүйегінен  №174/А бұйрығына сәйкес Умырбекова Маржан Сейтовнаға берілді.  


      01.09.2022 жылы ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес5 «Б» сынып оқушысыЖұматай Санжардың (ОНР ІІІ уровня ) оқуға бағытталуын  және оқу процесіне бейімделуіне көмектесу мақсатында педагог-ассистент бекітілді. Бұйрық № 174/А. Оқушының оқу мүмкіндіктеріне қарай бейімделу, сабақ кезінде белседілігін бақылау , өзгерістерін тіркеу , даму динамикасын бақылау , күн сайын баланың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы жай – күйімен қызметін қадағалау мақсаты бойынша жұмыс жасаудамын.            Санжардың   ата-анамен сұхбат және сауалнамалар жүргізіліп, оқушы туралы толық мәлімет алынды. Жұматай Санжар Мақсатұлының құжаттамаларын рәсімдеп,сабақ кестесі құрылып,бақылау күнделігі жүргізілді.Оқушыға мектепте жеке қолдау көрсетіліп, психологиялық- педагогикалық, логопедиялық және медициналық көмектер көрсетілді.  Баламен жекелей жұмыс істеу барысында баланың сабаққа деген ынтасы артып келеді. Жұматай Санжар Мақсатұлы мектепке келгенді, сыныптастарымен қарым- қатынас жасағанды жақсы көреді.  Сыныпта сабақтың соңына дейін отыруға қарсылық танытпайды. Көңіл - күйі жақсы , есте сақтау қабілеті төмен, жазу коллеграфиясы түзеліп келеді. Оқушы  суреттерді бояғанды жақсы көреді.  Қысқа сөйлегендіктен , сөзін толық жеткізе алмайды.

Оқушыны ортаға және сабаққа баулу мақсатында пән мұғалімдерімен және сынып жетекшісімен  бірлесе отырып бірінші жарты жылдықта  жұмыстар  атқарылды.  Пән мұғалімдері де жекелей тапсырмалар береді, сол тапсырманы педагог- ассистент көмегімен орындайды. Бастапқыда бала ия неме жоқ деп қана жауап беретін. Қазіргі таңда сұрақтары пайда болып, демалыс уақытында не істегенін, бос уақытында не істейтінін айтып отырады. Баланың болашақта қандай маман иесі болатынын бірлесе отырып анықтадық. Бала үй жануарларына жақын болғандықтан , математика пәнінен мысал келтіріліп, оларды сатып неме сатып алу арқылы қосу, алу амалдарын орындап үйренудеміз. 



                                               Оқушымен  жұмыс істеу барысында

Жаратылыстану пәнінен берілген тапсырма бойынша глобус жасау 

Санжармен жазуын түзеу мақсатында жұмыстар жүргізіп жатырмын. Педагог- ассистент көмегінсіз баланың жазған жазуы осындай еді. Баланы қабылдап алғанда жекелей сөйлесу барысында балада ерекше ынта бар екенін анықтап, сол бойынша жұмыстар жүргізу керек екендігін түсіндім. Қазіргі таңда балаға тек жаздырып қана қоймай, тақпақтар жаттатып, есте сақтау қабілетін жақсарту үшін жұмыстар атқарып жатырмын. Математика пәні бойынша қосып алу амалдарын қолданып, есептер шығаруда. 


                                         Баламен жұмыс барысында осындай нәтижеге қол жеткіздім. 



   Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» республикалық педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы 28.11-09.12.2022 ж аралығында Жаркент қаласының Б.Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясында «Білім беру ұйымдарында педагог-ассистенттің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы бойынша оқып, сертификат алдым. 


2022 жылдың 13 желтоқсан күні   баланың ата- анасыТойлубаева Жадыра Таңжарыққызы ,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байдельдаев Ізтай Құрманбекұлы ,  педагог- психолог, дефектолог  Майлыбаева Жұпар Құрманқызы, мектеп медбикесі Талғарбаева Жаңылхан Мұхамерқызы, логопед маманы Ыбыраймжан Мөлдір М     ұхитқызы, сынып жетекшісі Сұлтан Бақытгүл Сұлтанқызы және педагог- ассистент Умырбекова Маржан Сейтқызының қатысуымен директор жанындағы кеңес өткізілді.

 Кеңесте күн тәртібіндегі  екі мәселе қаралды:

  1. 5 «Б» сынып оқушысы Жұматай Санжармен педагог – ассистент М.Умырбекованың Оқушымен оқу процесін ұймдастырудың жай – күйі туралы; 
  2. 5 «Б» сынып оқушысы Жұматай Санжарға педагогикалық, психологиялық, медициналық , логопедиялық, дефектологиялық жұмыстардың ұйымдастыру барысы туралы

     Барлық мамандардың айтуы бойынша балада біршама өзгерістер байқалғаны анықталды. Анасының айтуы бойынша бұрын үй тапсырма дегенді мүлде айтпайтынын, қаіргі таңда сабаққа деген қызығушылығы артқанын атап өтті. Сабақтан келген бойда берілген тапсырманы міндетті түрде орындайтынын атап өтті. 


Директор жанындағы кеңестің шешімі бойынша төмендегідей қаулы шығарылды. 

Қаулы етілді:

  1. 1-1. Оқушының оқуға бағыттауда, оқу пәндері бойынша оқу үлгерімінің тұрақты болуын , зерделеуді қамтамасыз ету  педагог – ассистентке  М.Умырбековаға жүктелсін.
  2. 1-2.Сабақ мерзімі кезінде пән мұғалімдері ерекше білім қажеттіліктеріне сай тапсырмалар жиынтығын құру, ҚМЖ- ға кіріктіруді пән мұғалімдеріне жүктелсін.
  3. 1-3. Оқушының бос уақытын тиімді қамтамасыз ету бойынша, ата –ана, оқушының сұранысы бойынша сыныптан тыс іс – шараларға қамтылуын бақылау сынып жетекшісі Б.Сұлтанға жүктелсін .
  4. 2-1. Оқушыға педагогикалық, психологиялық   қызметінің ұйымдастыруын үнемі бақылауда ұстау, оқушының жай – күйі туралы ақпарат беруді пән мұғалімдері, сынып жетекшісі назарға алынсын


«Жас маман- жаңа идея» атты жастар апталығы өтілді. Апталықта жаратылыстану пәні бойынша 5 б сыныбында 2022 жылдың 8 желтоқсанында ашық сабақ өтілді. Санжар балалармен бірге сабаққа белсене қатысып, мұғалімнің берген тапсырмасын орындады. Тапсырма бойынша адасқан әріптерді тап және химиялық, физикалық құбылыстарды анықтай алды. 



Жас мамандар апталығында «Инклюзивті білім берудің маңызы» атты тақырыпта кәсіби жобамды қорғап шықтым. Жоба барысында көптеген тың жаңалықтар мен әдіс- тәсілдерді үйрендім. Баламен жұмыс істеу жолдарын біліп, оны қалай жүзеге асыру керектігін үйрендім. Алдағы уақытта жас маман болғандықтан көптеген тәжірибелер алмасу керектігін түсіндім. Инклюзивті білім беру арқылы баланы өмірге қалай баулу керектігін үйрену үстіндемін.