18 қараша күні ата -аналармен « Бала -біздің болашағымыз » атты ата- аналар арасында тренниг өткізілді. Ата -аналар өз міндеттерін әрдайым орындап жүргендерін айтып өтті
Әулиеағаш орта мектебінің 2а сыныбында дүниетану пәнінен ашық сабақ өтілді. Пән мұғалімі Айткабылова А. С. Балалар сабаққа өте белсене қатысты. Айткабылова өз сабағында бірнеше әдіс—тәсілдерді қолданды. Сабақ өз мәнінде өте жақсы өтілді.
«Бастауыш —білім бастауы» атты бастауыш сыныптар апталығында сыныптан тыс «Алтын қақпа» интеллектуалды ойыны 2«А» және 2«Б» сыныптар арасында өтілді. Интеллектуалды ойын тартысты өтті. Оқушылар өте белсене қатысты.
,Әулиеағаш орта мектебі ' КММ 4А сыныбында ,,Отбасым-бақыт мекені'' атты ата-аналар жиналысы жаңа форматта өткізілді . Ата-аналар бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісті
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылы 18 қараша күні балалар жылы аясында 7- 11сыныптар арасында «Әзіл әлемі» атты жайдарман ойыны өткізілді.