"Әулиеағаш орта мектебі "КММ
«Әулиеағаш орта мектебі »КММ
1. Мектеп жалпы білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы мемлекеттік білім беру мекемесі, мемлекеттік тілде жазылған мөрі, мөртабаны, бланкісі және халықтық банкіде есеп шоты, ерікті балансы бар заңды тұлға.
Меншік түрі – мемлекеттік. Мектептің құрылтайшысы – Панфилов ауданының әкімдігі. Мектептің басқару органы – Панфилов аудандық білім бөлімі
Мемлекеттік тілдегі толық атауы: Алматы облысы Панфилов ауданы «Әулиеағаш орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орыс тіліндегі толық атауы: Коммунальное государственное учреждение «Аулиеагашская средняя школа» Панфиловского района Алматинской области
2.Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт, №1120023
Жер учаскесінің кадастрлік номері – 03-262-035-009, Жер учаскесінің алаңы – 1,5174га,. Актінің берілу негізі – Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің 28.08.2003, №08 шешімі Аудандық әділет басқармасында тіркелген.
3. Тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт (ф-2)
Мектептің жалпы алаңы –1437,6 метр кв., 3 Салынған жылы – 1984 жылы пайдалануға берілген.
4. «Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы Панфилов ауданының әділет басқармасынан 30.03.2009 жылы алғаш тіркеуден өткен, 20.06.2017 жылы, 26.06.2019 жылы қайта тіркеулерден өткізілген.
5. Мемлекеттік лицензия, Сериясы АА №14018481. Лицензияны берген орган – Алматы облыстық білім департаменті (Директоры Досматова Салтанат Жумановна)
Лицензияны қолданудың айрықша жағдайлары – мерзімі шектелмеген. Берілген күні – 08.12.2014 жыл Талдықорған қаласы
Білім беру қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптар:
1. Біліктілік талаптарына сай болуы;
2.Жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын орындау;
3.Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамаларын орындау;
7. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік, Сериясы В, №0439270. Тіркеу номері – 218-1907-19-ММ. Бизнес сәйкестендіру номері №770340000039. Берілген уақыты – 22.05.2009 жыл. Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні 16.03.1977 жыл. Куәлік қызметті құрылтай құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы шеңберінде жүзеге асыру құқығын береді
8. Қазақстан Республикасы салық төлешісінің куәлігі, Сериясы 09, №0001778. Тіркелген және берілген уақыты – 25.05.2009 жыл.
9. Статистикалық карточка №010767. ҚҰЖС (ОКПО) кодының берілген күні – 14.03.1997. Бизнес сәйкестендіру номері – 38070871.
10. Медициналық мемлекеттік лицензия, Серия ПП №0002921 DB
Лицензияның ерекше жаңдайлары: Республика көлеміне таралады. Маман 5 жылда 1 рет біліктілігін көтереді. Лицензияны берген орган: Алматы облысы Әкімінің денсаулық сақтау басқармасы. Лицензияның берілген уақыты – 22.04.2008 жыл, Талдықорған қаласы
11. Қоршаған орта эмиссияларына рұқсаты, Сериясы KZ-71VDD00093190
Рұқсаттың берілген уақыты – 10.05.2018 жыл. Рұқсатты берген орган: Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы. Мерзімі – шектелмеген .
12. 2014-2015 жылыту маусымына әзірлігі туралы төлқұжаты. Берілген уақыты – 01.09.2014 жыл
1919-20 жылдары Өсек болысына қарасты аймақтағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жетім балалар оқыды. Оған Нарынқол, Кеген, Ұйғыр, Жаркент аудандарынан балалар жинап, интернат ашылды. Оны басқаруға Қарашев, одан кейін Бейсенбай Саламатұлы тағайындалды. Алғашқы мектепте 153 бала білім алды, 7 мұғалім қызмет атқарды. Оларға ай сайын 20 сом 10 тиын жалақы белгіленді.
1928 жылы Алматы облысында Октябрь ауданы құрылып, орталығы Көктал болды. Жаркенттен қазақ мектебі Көкталға көшіріліп,(ШКМ) шаруа- жастар мектебі құрылды. 1933-34 жылдары осы мектаптің басқарушысы болып Сағынбек Қожабергенұлы тағайындалды. 1937 жылы мектеп жанынан интернат салынды. 1938 жылы 9-10 сынып оқушылары Совет Армиясы қатарына алынды. 1945 жылы мектепке Абай есімі берілді. 1949 жылы орта мектеп болып қайта құрылды. Содан бергі мектеп басшыларына қайта оралар болсақ:
1940 - 45 жылдары Қасенов Ыдырыс
1945 - 69 жылдары Әбітаев Бек
1970 - 75 жылдары Әшімбеков Нұрақын
1975 - 80 жылдары Әубәкіров Тұрлықожа
1980 - 88 жылдары Қасенов Қожағұл
1989 - 91 жылдары Сұлтанбеков Амангелді
1991 - 2007жылдары Тұрлыбеков Мақытбек
2007 - 2009 жылдары Қозбеков Жапархан
2009 – 2013 жылдары Темірбаев Нүсіпәлі
2013 жылдан Қойжаярова Гулнар
Осындай тарихы бар киелі мектеп қәзіргі уақытта ауданымыздағы іргелі шаңырақтарының бірі.