Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гульнар Қалибекқызы » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гульнар Қалибекқызы
02
июнь
2023

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гульнар Қалибекқызы

2022-2023 оқу жылында 

«Сәт сапар- Жас Түлек!» атты мектеп оқушыларына соңғы қоңырау салтанатты мерекесі  туралы

АНЫҚТАМА

Жетісу  облысы білім басқармасы Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің  2023 жылғы 25 мамыр №166 хатына  сәйкес соңғы қоңырау іс-шарасы дәстүрлі түрде 2023жылғы 01  маусымда           «Сәт сапар- Жас Түлек!» атты Халықаралық балаларды қорғау күніне орай   мектеп бітіру салтанатты соңғы қоңырау мерекесі болып өтті. 

«Әулиеағаш орта мектебінде 459 оқушы оқиды.  «Соңғы қоңырау» іс-шарасы сағат 900-де басталып 945 аяқталды. «Соңғы қоңырау» іс-шарасы тәртібі мен қауіпсіздік шараларын сақталды, мектеп ауласында өткізілді.

Биыл мектеп бітіретін түлектер саны- 17, оның ішінде үздіктер -5, екпінді-7

  5-уі Алтын белгіге үміткер, ҰБТ-ға баратын оқушы саны-14.

 Бұл- мереке  ата-аналар үшін қуанышты күн болса, оқушылыр үшін қимас балалық шақпен қоштасу күні, сағыныш сезімін ұялатып, өткенге қайта оралтатын ертеңгі күнге сенімді серік етіп, үкілеген үмітті арқау ететін күн. Мектепте соңғы қоңырау үні сыңғырлап, жаңа да жауапты өмірге аяқ басқан түлектер алтын мектептерімен қоштасты.

Салтанатты жиынға Үлкенағаш ауылдық округ әкімі Нұрахметов Ермек Еркінұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Керімқұлов Тоқтарбай Әкімұлы , Қамқоршылар кеңесінің төрайымы  Сарсенбаева Асия Базенқызы, ата ана комитетінің  төрайымы Жайберген Айгерім Шынжырбекқызы, зейнеткер ұстаздар Талғарбаев Мухамер , Абдрасулов Рахымжан,Мұқанова Орынгул, Нөгербекова   Нурзия,  Бейсенбеков Сейтқали, Жанғазиева Айгерім ағайлар мен апайларымыз  қатысты.

Жиынның ашылуында алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Г.З.Қойжаярова білім ошақтарында жасалып жатқан игілікті шараларға тоқтала келіп, түлектерге ақ жол тіледі.

Сонымен қатар үздік оқыған оқушыларға мараппатар таратылып, құттықталды. Құттықтау үшін сөз кезегін Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Нұрахметов Ермек Еркінұлына және ата- аналар атынан ардагер ұстаздарымыз Мұқанова Орынгул мен Бейсенбеков Сейтқали Ақыбайұлына берілді.  Ал 11сынып түлектерінің атынан  Қайнелдан Томирис пен Айтбек Арайлымға берілді. Білім кілтін   2023 жылғы «Алтын белгі» үміткерлері   Замзат Айзерде мен Замзат Айзере 10 сынып оқушыларына табыстап, соңғы қоңырау соғу құрметі  Алтын белгі үміткері  Турған Гаухар  мен 1 сынып оқушысы  Ерболат Ақберенге  берілді.

Мерекелік шара соңында соңғы қоңыраудың үні естіліп, бітіруші түлектер әуе шарларын аспанға ұшырды. Соңғы қоңырау,мектеп бітіру кеші   өз дәрежесінде өткізілді.

Оқушыларға және ата-аналарға шектеу шаралары ескертіліп, соңғы қоңырауды ойын сауық орталықтарында (мейрамхана, кафе, басқа да мекемелерге) өткізуге қатаң тиым салынатыны айтылды. Ата-аналарға балаларының қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екені түсіндірілді.

Соңғы қоңырау мерекесіне орай күндізгі, түнгі кезекшілік кесте жасалып, бұйрық шығарылған, рейд жұмыстары ұйымдастырылған.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02twW7auLjg5eZn56X5BnbkgkgdoPcHjZ2y4Xx88oRbswdY8u15z35xeJW5XcArDVdl&id=100049873793498