Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова
04
октябрь
2022

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова


2022-2023 оқу жылында 

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштілік және отаншылдық » атты  алғашқы қоңырау салтанатты мерекесі  туралы

АНЫҚТАМА

Алғашқы қоңырау іс-шарасы дәстүрлі түрде  2022жылғы 

01  қыркүйекте Алғашқы қоңырау  білім күніне арналған  «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштілік және  отаншылдық» атты оқушыларына мектеп аумағында,  ашық алаңда  алғашқы қоңырау  мерекесі болып өтті. «Алғашқы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі мен қауіпсіздік шаралары  сақталды, мектеп ауласында   ата-ананың немесе заңды өкілдері қатысты. «Әулиеағаш орта мектебінде 457 оқушы оқиды.  «Алғашқы қоңырау» іс-шарасы сағат 900-де басталып 945 аяқталды. 

Бұл- мереке  ата-аналар үшін қуанышты күн болса, оқушылар үшін сағыныш сезімін ұялатып, мектепке оралған  күн болды. 

Салтанатты жиынға Үлкенағаш ауылдық округ әкімі Нұрахметов Ермек Еркінұлы, санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Мухамеджанова Айгул Нұрғалиқызы, Қамқоршылар кеңесінің төрайымы  Сарсенбаева Асия Базенқызы, ата ана комитетінің  төрайымы Жайберген Айгерім Шынжырбекқызы, зейнеткер ұстаздар Талғарбаев Мухамер , Абдрасулов Рахымжан,Мұқанова Орынгул, Нөгербекова  Нурзия,  Жанғазиева Кауархан ағайлар мен апайларымыз  қатысты.

Жиынның ашылуында алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Г.З.Қойжаярова білім ошақтарында жасалып жатқан игілікті шараларға тоқтала келіп, 1 сынып оқушыларына сәттілік  тіледі.

Құттықтау үшін сөз кезегін Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Нұрахметов Ермек Еркінұлына және ата- аналар атынан ардагер ұстаздарымыз Мұқанова Орынхан  мен Шаяхметов Асқар ағайға сөз берілді.  Ал 11сынып түлектерінің атынан  Қайнелден Томириске берілді. 

1 сынып оқушыларына салтанатты түрде Әліппе оқулығы табыс етілді.

 Мерекелік шара соңында алғашқы  қоңыраудың үні естіліп, оқушылар сыныпқа кіргізіліп сабағын жалғастырды. 1-11 сыныптар үшін « Білімге ұмтылу,еңбек сүйгіштілік және отаншылдық » тақырыбында әр сынып өз сыныбында санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып   тәрбие сағаты өтілді. Алғашқы қоңырау мерекелік іс-шара   өз дәрежесінде өткізілді. 

Ата-аналарға балаларының қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екені түсіндірілді.

Алғашқы  қоңырау мерекесіне орай  түнгі кезекшілік кесте жасалып, бұйрық шығарылған, рейд жұмыстары ұйымдастырылған.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0mzUTFVtHuWuAQGKcXgkp6ZJ8Jcz9yggqRfbLpndrrrjyT2YCw6vfSoitkigA6aN4l&id=100049873793498