Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гулнар Қалибекқызы » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гулнар Қалибекқызы
02
июнь
2023

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гулнар Қалибекқызы

«Әулиеағаш орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі оқу жылының қорытынды аттестаттаудың аяқталуына орай және облыстық білім басқармасының  15 маусым 2023 жылғы  № 988-н бұйрығына сәйкес  мектеп бітіру кеші жалпы орта білімі туралы аттестатын тапсыру кешінің   өтілу  барысы бойынша 


                                  А н   ы  қ  т    а  м  а

               2023 жылы 22 маусым күні 11 сыныптың түлектеріне аттестатты салтанатты тапсыруға арналған қоштасу кеші өтілді. Мектепте  аттестат тапсырудың кестесі жасалды. Іс-шара сағат 10.00 де басталып, ұзақтығы 40 минуттан асқан жоқ. 

Қоштасу кеші түлектердің, 2022-2023 оқу жылын аяқтау тұжырымдамасы бойынша  мектеп бітіру кештерін өткізу бойынша ұсыныстарына сәйкес мектеп бітіру іс-шарасы мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілігі, ұстаздарға, ата-аналарға, мектепшілік достарына алғыс сезімін, мектепке деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.    

          Іс-шараның мақсаты: Отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, ұстаздарға, ата-аналарға, достарына алғыс сезімін, алтын ұя-мектебіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру

          Қоштасу кешін өткізу тәртібі мен қауіпсіздік шаралары сақталды.

Мектеп бітіру кешіне Үлкенағаш ауылдық округ әкімі Нұрахметов Ермек Еркінұлы  және қамқоршылар кеңесінің төрайымы Сарсенбаева Әсия апай, ата-аналар   комитетінің төрайымы Жайберген Айгерім Шынжырбекқызы  ата-аналар мен ұстаздар қатысты. 

Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Г.З.Қойжаяроваға берілді. Сонымен қатар құттықтау үшін сөз кезегін  Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Нұрахметов Ермек Еркінұлына және  ата-аналар атынан   Нурғалиева Нурзипа апайға  , бастауыш сынып мұғалімі Оразбаева Шынар Зейнелқызы мен 11сынып жетекшісі Шаяхметов Қуаныш Асқарұлына берілді. 

Аттестат тапсыру рәсімі мектеп директоры   Гүлнар Зейнеқабылқызына, Үлкенағаш ауылдық округ әкімі  Еркін Ермекұлына,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Ізтай Құрманбекұлына берілді. 

Сондай-ақ қоштасу кешінің барысында оқушылардың өнері көрсетіліп, ән шашулар айтылды, Турған Гуахар мен Бекмуха Бекнур  ұстаздарға және бітіруші сыныптастарына тілектерін айтып, оқушылар мектеп вальсін биледі.

11 сыныптың түлектеріне аттестатты салтанатты тапсыруға арналған мектеп бітіру «Сәт, сапар Жас Түлек»  атты мектеп бітіру  қоштасу кеші өз мәнінде өтілді. Оқушыларға және ата-аналарға шектеу шаралары ескертіліп, қоштасу кешін ойын сауық орталықтарында (мейрамхана, кафе, басқа да мекемелерге) өткізуге қатаң тыйым салынатыны айтылды және ескертілді.

Күндізгі, түнгі кезекшілік  кестесі жасалып, бекітілді. Күндізгі,  түнгі кезекшілік  сағат  9 00-ден түнгі сағат 2400 –ге дейін болады. 

 Мектеп бітіру салтанатты  кеші  өз дәрежесінде өткізілді  


Анықтама жазған                 ДТІЖО Г.Қ.Мухамеджанова