Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гулнар Қалибекқызы » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гулнар Қалибекқызы
30
июнь
2023

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гулнар Қалибекқызы

2022- 2023  оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарына қорытынды.


Тәрбие жұмысының мақсаты: 

Оқушының дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысысында жаңашыл іс-әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу.


Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227  бұйрығымен  бекітілген«Тәрбиенің  тұжырымдамалық негіздері» мен «Мәңгілік ел»  жалпыұлттық идеясының құндылықтарын негізге  ала отырып тәрбие жұмысының  жылдық жоспар құрылып, бекітілді.

Тәрбие жүйесінің құрылымы:

  • Әлеуметтік –педагогикалық қызмет;
  • Психологиялық –педагогикалық қызмет; 
  • Ата-аналармен жұмыс;
  • Сынып жетекшілерінің  әдістемелік бірлестігінің  жұмысы;
  • Өзін-өзі басқару жүйесі;
  • Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңесі;
  • Қыздар клубы;
  • Ұлдар жұмысы;
  • «Адал ұрпақ» еріктілер клубы;
  • Қамқорлық кеңесі;
  • «Аналар кеңесі»;
  • «Әкелер кеңесі»;
  • «Жас Ұлан» ұйымы;

Мектепте   8 бағытта  жұмыс  атқарылады


  1. Қзақстандықпатриоттизмжәнеазаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершіліктәрбие
  3. Ұлттықтәрбиесі
  4. Отбасытәрбиесі
  5. Еңбек, экономикалықжәнеэкологиялықтәрбие
  6. Көпмәдениеттіжәнекөркем –эстетикалықтәрбие.
  7. Зияткерліктәрбие,ақпараттықмәдениеттәрбиесі.
  8. Дене тәрбиесі,салауаттыөмірсалты

тәрбиебағыттарыбойыншажұмыстар жүргізілді. 







2022-2023 оқу жылында мектепте жалпы оқушы саны 462.

      Тәрбие үдерісі - бұл тұлғаның тәрбиелік деңгейі, ол оқушының қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады. Осы дайындықты анықтау және айқындау үшін диагностика-оқушының даму үдерісі мен нәтижелеріне талдау жүргіземіз. Ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшілер оқушының тәрбиелік деңгейін бақылайды. 

Мектепте мектепалды,  1-11 сынып аралығында 23 сынып комплектісі бар. 

1. Байсикова.М 1а сынып

2. Жумагулова Л 1б сынып

3.Айтқабылова.А  2а сынып

4Байденова. А 2б сынып

5. Оразбаева.Ш  3а сынып

6. Сүлейменова. А 3б сынып

7. Жионбаева Д  4а сынып

8. Жарлығапова А  4бсынып

9Турлығазы А 5 а сынып

10.Султан Б  5б сынып

11.Сламжанова. А 6А сынып

12. Кудекова.  Г 6 Б сынып

13. Дуйсебек Н 7а сынып

14. Жапсарова А 7б сынып

15. Ж.Майлыбаева 8а сынып

16. Е.Маметұрдиев 8бсынып

17. Ә.Тұрдиева 9а сынып

18. Г.Жаңабаева 9б сынып

19. А.Мержиков  10а сынып

20. Т.Ұзақова 10б сынып

21. Қ.Шаяхметов 11а сынып

22. Р.Нартбаев 11б сынып

23. А.Қадірбаева мектепалды «А» тобы

24. Б.Омарбекова мектепалды «Б» тобы

Тәрбие жұмысын тиімділікпен ұйымдастыру мақсатында мектепте сынып жетекшілер семинары әр тоқсанда, әр аптада сынып жетекшілер отырысы болады. Сынып жетекшілердің барлығы жоғары білімді, бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарды.











Тәрбие жұмысының құрылымы бойынша мектепте ата-аналар кеңесінің төрайымы  Жайберген Айгерім Шынжырбекқызы және 7 кеңес мүшелері сайланып жұмыстарын атқарып келеді.Кеңес мүшелері:

1.Ж.Тышманова –кеңес мүшесі

2. Ж.Бекбаева –кеңес мүшесі

3. А. Мұқаева–кеңес мүшесі

4. М.Алимбаева –кеңес мүшесі

5. Л.Қонысбаева –кеңес мүшесі

6. А.Ибраева –кеңес мүшесі

7. А.Нүсіпова –кеңес мүшесі

Ата –аналар кеңес мүшелерінің міндеттері айқындалып, белгіленді.Ата-ана жиналысы әр тоқсан сайын  өтіліп, әр ай сайын ата-ана комитет мүшелерімен  жұмыстар талқыланды.


        Биылғы 2021-2022 оқу жылында Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Сарсенбаева Асия Бәзенқызы сайланып,комитет мүшелерімен,мектеп әкімшілігімен бірге отырыстар болып,жұмыстар талқыланды.

  Кеңес мүшелері:

  1. Жайберген Айгерім Шынжырбекқызы
  2.  Тышманова Жұлдыз Талғатқызы
  3. Тажиева Торғын Айтмолдақызы
  4. Көпбаева Жанна 
  5. Мұхамеджанов Нұрғали
  6. Жақсылықов Әлібек Игенбайұлы
  7. Айтбек Мейрам Айтбекұлы
  8. Мұқашева Айбөкен Мұқашқызы

                9.Байденова Ақмөлдір Сабажанқызы кеңес  хатшысы   



















Оқушылардың әлеуметтік жағдайының мониторингі


Мазмұны

Саны

1
Жалпы оқушы

458

2

Көпбалалы отбасынан шыққан бала саны

142

3
Жартылай жетім балалар саны

19

4
АСП алатын отбасынан шыққан балалар саны

38

5
Толық емес отбасынан шыққан балалар саны

30

6
Тұлдыр жетім балалар саны

0

7
Өгей әкемен тұратын  бала саны

12

8
Әкесінің асырауында тұрып жатқан балалар саны

1

9
Сәтсіз отбасынан шыққан балалар саны

0

10
Үйден оқитын оқушы саны

3


барлығы

245













Мектептің 2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысының  алдына қойған «Өскелең  ұрпақты  демократиялық   қоғамға  бейім, адамгершілік  құндылықтары   жоғары, ұлтжанды, патриоттық   бәсекеге  қабілетті  жеке   тұлға  ретінде  қалыптастыру» мақсаты негізінде  құқықтық, патриоттық, рухани адамгершілік, этика-эстетикалық, салауатты өмір салты, дене шынықтыру, есірткі  және басқа зиянды заттарды болдырмау, экологиялық, еңбек және экономикалық, имандылық   тәрбие  бағыттар бойынша іс-шаралар атқаруда.

2022-2023   оқу жылында МАД ты қоса алғанда жалпы 24 сынып толығыменашылды. Сынып жетекшілер саны – 22 және 2 тәрбиеші.   Сынып жетекшілердіңтәрбие жоспарлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 Бұйрығына  сәйкес тәрбиенің 8 бағыты бойынша толық жасалды. Оқу жылының басында  тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жалпы мектепішілік жұмыс  жылдық жоспары бойынша жүргізілді. Мектепте «Ұлағатты әкелер», «Тұмар» аналар кеңестері, «Ұлдар» және «Қыздар» ұйымдары құрылып,  жылдық  жұмыс жоспарлары  жасалынып, бекітілді. «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымы құрылған. Өзін-өзі басқару ұйымы   өткен отырысында өзін-өзі басқару ұйымының президенті 9 сынып оқушысы Қасен Жанерке  болып бекітілді. «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының ұраны, мақсаты, қабылдау анты бойынша 7фракция  жұмыс жасайды. Педагог-ұйымдастырушы Ш.О.Жанаева бірлесе оқушылармен жұмыс жүргізеді 2022-2023 оқу жылы Алғашқы қоңыраудәстүрлі форматта  өткізілді.  Алғашқы қоңырау  білім күніне арналған  «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштілік және  отаншылдық» атты оқушыларына мектеп аумағында,  ашық алаңда  алғашқы қоңырау мерекесі болып өтті.«Алғашқы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі мен қауіпсіздік шаралары  сақталды, мектеп ауласында   ата-ананың немесе заңды өкілдері қатыстыВидеоұсынымдар, презентациялар жасалынып, фейсбук желісіне жүктелді  Қазақстан   Республикасындағы баланың құқықтары туралы « Бала құқығын қорғау»  қашықтықтан бала өкілеттіліктерін сайланып, ауданғабағдарламасы жіберілді. 1-11 Сынып  білім   алушылар  үшін экологиялық білім  беру сынып сағаттарының бағдарламасы бойынша сынып сағаттары уақытындаөтілуде.

14-21 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені» атты  апталық өткізілді.  Отбасы күніне орай 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары  өтті. Өтілген сынып сағаттарында бастауыш сыныптың жетекшілері белсенділік танытып     жоғары деңгейде ат салысты.Әлеуметтік педагог Н.Кермухаметова оқушыларға жаңа 2022-2023 оқу жылындағы әлуметтік көмек туралы мәлімдеме жасады.Әр сынып жетекші өз сыныптарының ата-аналарын  "Жаңа оқу жылындағы оқу форматтарын және  санитарлық талаптарды сақтау жөніндегі ережелерімен" толық таныстырып өтті.«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. Әр ай сайын әр сыныптың оқуға деген ынтасын, сауаттылығын тексеріп 20 минут оқытып, 5 минут эссе жаздырып тексерілуін мектеп кітапханашысына жүктелді. Әр сыныптың оқуға деген құштарлығын кітап оқуын тексеріліп тұратын болды, есебі тыңдалады .05- қыркүйек күні Тіл мерекесіне орай   1-11 сыныптар арасында   «Тілім барда айтылар сөз ойдағы» тақырыбында   сынып сағаттар өткізілді . 1-11 сынып жетекшілері және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Ж.Сабанбаеваның ұйымдастыруымен 11-сыныптың оқушыларымен  "Тілдің мерейі -елдің мерейі" атты іс- шара   өткізілді  және мектеп кітапханашысы Нартбаева Гулназ  тіл мерекесіне орай  кітап көрмесін  3-4 сыныптармен кітапханаға саяхат жасады. Тіл мерекесіне орай ұйымдастырған іс -шара өз деңгейінде өткізілді. Жоспар бойынша нақты жұмыстар жүргізілді  оқушылар аталған іс-шараға  белсенді қатысты. Ұстаздар   күніне арналған  жоспар бойынша  «Қарттарым-асыл қазынам» сынып сағаттары.  Мектеп  кітапханашы  Г.Нартбаева   «Ұстаз-ұлы тұлға» ұстаздарға арналған құттықтаулар. Ашық хаттар. Бейне құттықтауұйымдастырды. «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында мектеп кітапханасында   бұрыш ұйымдастырылды.1-5 сынып  жетекшілер «Ұстаз аты-мәңгілік» тақырыбында  сурет, ән, тақпақтарын, құттықтау хаттар жасатты. Мектеп директоры Г.З.Қойжаярова, мектеп әкімшілігі атынан видеоролик арқылы   мектеп ұстаздарын құттықтап ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі. МАД тобының тәрбиешісі  Б.Омарбекова  «Ұстаз-менің екінші анам»  сынып сағатын өтті. 1-2 сыныптар арасында  «Ұстазыма мың алғыс»  тәрбие   сағаты өтілді. 3-4 сынып жетекшілері «Ұстаз-халық анасы» тақырыбында  танымдық сабақты өз денгейінде өткізді . 5-8сыныптармен «Ұстаз-ұлағатты есім»  тақырыбында   тәрбие  сағаты өтілді. 10-11 сыныптар арасында «Бүгінгі шәкірт, ертеңгі ұстаз» тақырыбында кең көлемде онлайн шығарма    байқауы ұйымдастырылып өткізілді.«Ұстазым, ұлағатым -үлгі өнегем!» тақырыбында 7 б сыныбы   мерекелік шара өтті, шара барысында барлық сынып  оқушылары ұстаздарға арналған жүрек жарды жырларымен бөлісе отырып алғыстарын білдірді.Қарттар  күніне арналған  жоспар бойынша  кітапханашы   Г.Нартбаева ұйымдастыруымен   «Ардагерлерді ардақтаймыз»   тақырыбында мектеп кітапханасында   бұрыш ұйымдастырды.               1-2 сыныптар арасында «Қарттарым — асыл қазынам» тақырыбындатәрбие сабағы өткізілді. 3-4 сынып жетекшілерімен бірлесе «Қариялы ел – қазыналы ел» тақырып бойынша танымдық сабақ  сабағы өтілді. 5-7 сынып жетекшілері «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбына сай әдеп  сабағын өтті.  8-9 сыныптар арасында «Қарттарым — асыл қазынам» тақырып негізіндеонлайн сұхбат, әңгімелесу  болды. Жоспар бойынша жасалған әр іс-шара әлуметтік желілерге уақытылы орналастырлып тұрды . Есеп ретінде сілтемелері сынып жетекшілерге жіберілді.  «Құқықтық сауаттылық –заман талабы» тақырыбында  құқық айлығы өткізіліп, оқушыларға құқық туралы сауаттылығын нығайту мақсатында құқықтық оқулар ұйымдастырылды. Оқушыларға  шығармашылық ізденіс үстінде болу қажет екенін түсіндірілді.Адал ұрпақ – мәңгілік ел болашағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында Жалын  клубының мүшелері  8-11 сыныптар арасында дебат өткізілді.

17-22 қазан аралығында өтетін  25-қазан Республика күніне орай «Менің Отаным-Қазақстан» атты апталықтыңіс-шара жоспары  жасалынып, бекітілді. 25-қазан Республика күніне арналған   іс-шара жоспарымен оқушыларға лездеие айтылып,   таныстырылды.  

Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету.  Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Оқушылардың бойына ұлттық дәстүрімізді дәріптеу, құндылықтарды бойына сіңіру, балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту. 25 қазан- Республика күні» тақырыбында   барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. «Қазақстан менің Отаным» қабырға газеттері шығарылды. «Мен Отанның бақытты ұланымын» тақырыбында оқушы жастар ұйымы челлендж түсіріліп, әлеуметтік желіге жүктелді. «Атамекен» тақырыбында  1-4 сыныптар арасында  патриоттық диктант алынды.«Менің арманымдағы Қазақстан»  5-11 сыныптар арасында эссе жаздырылыды.  «Тәуелсіздік –елімнің ерлік жолы»   1-4 сынып оқушылар арасында оқулар өткізіліп, марапатталды. «Қыран   елім-Қазақстан»  патриоттық акция аясында оқырмандар байқауын мектеп кітапханашысы мен педагог-ұйымдастырушы   оқырмандар сұхбат өткізді. Әкем, анам және мен-біз спорттық  отбасы»  бастауыш сыныптар арасында отбасылық сайыс өткізілді. 21.10.22 жылы  «Патриотизм дауысы» мемлекеттік  әнұранының жаппай орындалуы бойынша мектеп ауласында гимн орындалып, әлеуметтік желіге жүктелді.

22.10.22 жылы мектебімізде  25 қазан  Республика күніне орай «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында 6 Б сыныбы ашық тәрбие сағаты  салтанатты жиын өткізілді.

«Бақша ғажайыптары» жемістер мен көкөністерден қолөнер көрмесі, «Арайлы алтын күз» күзгі дәнді дақылдарын экибана жасап, суретке түсіріп, ғаламтор желісіне жариялау ұйымдастырылып сынып сағаттары, сурет, көрме байқаулары  өтілді.

Мақсаты: Оқушыларға берекелі күздің қыры мен сыры және ырысы мен қуанышы туралы түсінік беру. Өздерінің қатысуымен сахналық көрністер қойып, таным қабілеттерін ашу. Жыл мезгілдерінің төресі болған күз жайлы өздері білетін ойларын ортаға салу. Қоршаған ортаны аялауға, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларға күздің кереметін, машақатын балаларға түсіндіріп өту. Күз мезгілінің сұлу суретін оқушылар  жіберді, видео жасады, оқушылар өздерінің күз мезгілін жақсы көретіндерін айтты ,күз туралы өлең шумақтарымен бөлісті. Күз мезгіліне коллаж жасап ортаға салды. Сарғайған күздің әсем жерлерімен түскен суреттерін жіберді. Әлеуметтік  желіге салынып, жарияланды.Педагог-психологы К.Курманиязова  8-11 сынып оқушылары арасында «Зорлық зомбылық туралы мен не ойлаймын » тақырыбында сауалнама ұйымдастырып өткізді.Ж.Майлыбаева   және  сынып жетекшілермен бірлесе  «Зорлық зомбылыққа жол жоқ» ата-аналардың қатысуымен жалпы  ата-аналар жиналысында  дөңгелек үстел  өткізді.   Жоспар бойынша жасалған әр іс-шара әлуметтік желілерге уақытында орналастырылып тұрды. Есеп ретінде анықтамалары мен сілтемелері ауданға  жіберілді.

Оқушылардың   күзгі демалыс кезіндегі бос уақытын демалысын ұйымдастыру   бойынша  іс-шара жоспары жасалынып, бектілді.

Мақсаты:күзгі демалыс кезіндегі балалардың шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерін, дене бітімін жетілдірудің құндылығын  дамытуға бірыңғай іс-шаралар өткізуге бағыттау.

Міндеттері:

1. күзгі демалыс кезіндегі баланың бос уақытын тиімді пайдалануға және демалыс жүйесінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау

2. күзгі демалыс кезінде балалардың денсаулығы мен сауықтыруына, демалысына әдістемелік қолдау көрсету.

3. 1-11 сынып оқушыларының  іс-шараларға толық қатысуын қамтамасыз ету.

Жоспар бойынша 31 қазан мен -06 қараша аралығында   барлығы қамтылып өткізілді.

31-қазан күні  «Оқуға құштар мектеп»  жобасы бойынша   1-8 сыныптар арасында   кітап оқу жарысы өткізілді.

01-қараша күні   «Кітаптар әлемінде» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 02-қараша күні «Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат» қашықтықтан театр, музейлерге виртуалды саяхат яғни, видеороликтер жасалды .  Барлық сыныптар қамтылды.

03-қараша «Қазақстан- менің Отаным» тақырыбында балалар суреттернің көрмесі өткізілді.

05-қараша «Волейбол», «Футбол» спорттық үйірмелердің  бір күнді спорттық күнге арнап барлық сынып оқушылары қамтылды. Мектеп спорт залдары мен мектеп ауласында жарыстар өткізілді.

04-қараша   «Табиғатты аялап сақтайық!» тақырыбында күзгі уақытта науқан кезінде оқушыларымыз еңбекке  араласып ата-анасына, достарына көмектесіп, табиғаттың берген сыйына көмектесіп жинасты. Оқушылар өз үйлеріндегі жарамсыз қағаздарын реттеп, ата-аналарына көмектесті.Іс–шаралар  құқықтық ақпараттандыруға, шығармашылық, интеллектуалдықдамуын жүзеге асуыруға ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналды.

 Іс–шаралар Дүниежүзілік бала күні аясында құқықтық ақпараттандыруға, шығармашылық, интеллектуалдық дамуын жүзеге асуыруға, кәсіби бағдар, ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналды.

2022 жылғы 09-20 қараша аралығында   «Бала  құқығы- адам құқығы», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанына арналғаніс-шара жоспары бойынша  жүргізілді.

Республикалық онкүндіктің мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ.-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру. 

Әулиеағаш орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бала  құқығы- адам құқығы», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын өткізудің  іс-шара жоспары  жасалып, бекітілді. 

10 қараша «Құқығым бар» деген тақырыбында 5-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ж.Сабанбаева эссе байқауын өткізді.

11 қараша   «Түнгі қаладағы балалар»  мектеп мұғалімдері арасында түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, түнгі рейд жасалып, әлеуметтік желіге жүктелді.

14 қараша   «Құқық сабақтары –өмір сабақтары» тақырыбында әр сыныпта  сынып жетекшілер жоспар бойынша құқық оқуларын сынып сағаттарында өткізді. .

15 қараша  «Әр баланың құқығы бар- Каждый ребенок имеет право» тақырыбында 2-6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

16 қараша  «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында әлеуметттік педагог Н.Кермухаметова ата-аналар комитетінің мүшелерімен дөңгелек үстел өткізді.

17 қараша  «Өмір ағашы. Менің шежіремнің тарихы»  аясында   барлық сыныптарда  оқушылар өз ата-бабалары, жеті аталары туралы   сынып сағатында сұралып, сұхбат  өткізілді.

18 қараша  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» науқаны бойынша « Зорлық зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында акция ұйымдастырылып  8-11 сыныптар арасында әр сыныпқа тақырып беріліп оқушылар постер қорғап әлімжеттік, бопсалау, күш көрсету  жайлы өз ойларын ашық білдіріп, үндеу қабылдады.   Акцияға   Панфилов  АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ  полиция аға лейтенанты  Н.Н.Бейсенбаев, Панфилов  АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ  полиция капитаны М.Нысанбаев қатысып оқушылар зорлық зомбылық туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. 

Осы акцияда  мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық (эмоционалдық) және физикалық зорлық-зомбылық (буллинг) мәселелері бойынша   педагог-психолог Ж.Майлыбаева   8-11 сыныптар арасында   түсіндіріп  өтті. Кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгез қарау және зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сенім телефонының танымалдығын арттыру бойынша   оқушыларға ақпарат беріліп,   түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

20 қараша  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»республикалық ақпараттық науқанына арналған  іс-шара жоспары бойынша  қорытындыланды.

16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздік  күнін мерекелеуге іс-шара«Тәуелсіздік-Ұлы дала ұрпағына аманат» еске алу және танымдық –ағартушылық онкүндігі аясында жоспар жасалынып, бекітілді.

Мақсаты:
  — Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан     құрбандарымен      желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
   — Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
 — Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

«Тәуелсіз-мәңгілік  елдің  тұғыры» атты    7 «Б» сынып  оқушыларының сынып  сағаты өткізілді.  Оқушылар   Тәуелсіздік  туралы   өлеңдерін   мәнерлеп  оқу  арқылы   өз Отанына  деген  сүйіспеншіліктерін  көрсете   білді. Тәуелсіздіктің  бізге  оңай   келмегендігі  туралы  оқушылар өз ойларымен бөлісті.

«Әділетті Қазақстан –Жаңа Қазақстан үндеуі» тақырыбында  9-10 сыныптар арасында ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылып өткізілді.

«Қазақстанның жаңа тарихын біліп жүрейік» тақырыбында  6а,б, 7а,б сыныптарында интеллектуалды-викториналық ойындар өткізілді. Оқушылар қызығушылықтары жоғары деңгейде болды, сұрақтарға нақты жауап көрсете білді.

 «Менің Отаным Қазақстан!» атты тақырыпта бастауыш сынып оқушылары  сурет салып, бейнероликтер жасап әлеуметтік желіге жүктелді.

Әулиеағаш   орта  мектебінде 2022 жылдың  15 желтоқсан   күні «Тәуелсіздік –тұғырым!»,   «Жас қыран», «Жас Ұлан» ұйымдарына   қабылдау салтанатты  жиыны өткізілді. Мектептің  барлық  ұстаздары мен   «Болашақ»   жастар  ұйымы   қатысты. Республикалық   қоғамдық  бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен  жасөспірімдер ұйымына 3 сыныптан  Жас Қыран   қатарына  24 оқушы, Жас Ұлан  қатарына   22 оқушы  қабылданды. «Жас Ұлан»  ұйымына  қабылдау   салтанатты  жиыны мәжіліс  залында   өткізілді.  Ұстаздар  мен   «Болашақ»   жастар  ұйымы «Жас Ұланға » қабылданған  оқушыларға   галустук пен  төс  белгілерін   тақты. Мектеп  директоры Г.З.Қойжаярова,  директордың  тәрбие ісі   жөніндегі  орынбасары  Г.Мухамеджанова,  педагог   психолог  К.Курманиязова, ата-аналар комитетінің төрайымы А.Ш.Жайберген   қабылданған  оқушыларға  тілектерін   білдіріп  құттықтады. 

2022 жылдың  27-29  желтоқсанында   мектепалды даярлық топтары, 1-4 сыныптарда  ертеңгілік, 5-9 сыныптарда сынып   сағаттары, 10-11 сыныптарда балмаскарад  өткізілді.   Іс-шараға  мектеп  директоры, директордың  тәрбие ісі   жөніндегі  орынбасары, әр сыныпқа  бекітілген  жауапты   мұғалімдер,  аяз ата, ақша қар мен кейіпкерлер  қатысты. Аяз ата мен ақшақар және  кейіпкерлер  әр сыныпқа   кіріп  балаларға  жаңа жылдық   көңіл күй сыйлады, оқушылардың   өнерін  тамашалап,  ізгі   тілектер  тіледі. Мектеп директоры  Г.З.Қойжаярова  оқушыларды   жаңа  жылымен  құттықтап сөз сөйледі. Әр сыныптың  ертеңгілігі, сынып сағаттары өз деңгейінде  өткізілді. 10-11 сыныптардың балмаскарады өз деңгейінде өткізілді.

Мектебімізде қыркүйек  айынан бастап әр айдың сәрсенбі күні  түнгі кезекшілік рейдінің кестесі жасалынып бектіліп отырады. Ауыл инспекторымен бірлесіп жұмыс атқарудамыз. Түнгі кезекшілік мектебіміздің ер мұғалімдерінен жасақталған, кешкі сағат 2000ден түнгі сағат 2400 ге дейін ауыл көшелерін аралап жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуін қатаң бақылап мәлімет беріп отырады.  Кәмелет жасына толмаған оқушылардың ата-аналарымен кездесіп оқушылардың кешкі уақытта көшеде жүру ережелерін егжей-тегжей түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Баланың түнгі 20:00-ден кейін үй-жайдан тыс шығуы заңмен шектелгенін білсе де ата-анасы дүкенге жіберетін жағдайлар кездесті. Не болмаса көшеде жалғыз жүреді,  үй ауласында отырады. Құқық бұзушылық пен қылмыстық оқиғалардың дені түнгі уақытта орын алатынын ескерсек, өрімдей жас балалардың түнделетіп жүруі кейде қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан, бала өмірі үшін сақтық шарасын ең алдымен ата-аналар ұстанса.Мұндағы негізгі мақсат - жеткіншектер арасында жиі орын алатын қылмыс пен заң бұзушылықтың алдын алып, кездесетін қиындықтарды дұрыс шешуге тәрбиелеу. Түнгі кезекшілікті барлық ер мұғалімдер өз деңгейінде атқарып жүр ,алдағы уақытта да жалғасын тауып  атқарылып жатыр. 

Барлық іс-шараларға ат салысқан бірлестіктер бар. Көркемеңбек бірлестігінің технология пәнінің  сабақ беретін мұғалімдерЕ.Маметурдиев, А.Сламжанова көрмеге заттар әкеліп қойып ұйымдастырса ер балаларға беретін мұғалімдеріміздің көрмеге қоятын заттары әлі де болса жоқ десек те болады, толықтыруларды қажет етеді. Мектебіміздің жас мамандарына үлкен рахмет айтамыз. Барлық сынып жетекшілер өз деңгейінде жұмыстарын атқарып уақытысында сыныптарымен, ата-аналармен байланыста болып қиындықтарын жеңе білді.

Жоспар бойынша жасалған әр іс-шара әлеуметтік желілерге уақытындаорналастырлып тұрды. Есеп ретінде сілтемелері ауданға, сынып жетекшілерге  жіберіліп отырды.   «Қазақстан балалары –  қысқы ғажайып!»қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы ұсыныстар  (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 09 қаңтар аралығында)

«Қазақстан балалары –  қысқы ғажайып!» атты ұсыныстар қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша (бұдан әрі-ұсынымдар) қысқы каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.Демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру-мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі және балалардың шығармашылық дамуы, олардың рухани әлемі мен ақыл-ойының байытылуы үшін мүмкіндік. Мектеп демалысы-балаға ерекше назар аударатын «аймақ», оны әлеуметтік қорғау.Каникулдық іс-шараларда барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, олармен жеке тәрбие-профилактикалық, түзету жұмыстарын жүргізу, ұжымдық іс-шараларға қатысуға тарту.

«Қазақстан балалары –  қысқы ғажайып!» қысқы каникул кезіндегі балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді. Кесте бойынша іс-шаралар өтілді.

«Құқықтық сана – қауымға пана» тақырыбында  құқық айлығының жоспары жасалынып , жоспар бойынша іс-шаралар өтілді.  Анықтамасы жазылып, фотоесебі түсіріліп, әлеуметтік желіге салынды. «Қазақстанның ұлы ақындарымен жазушылары» «М.Мақатаевтың 91 жылдығы», Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт жанашыры», Роза Бағланованың 100 жылдығынаорай әдеби мерекелік кеш ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп мәжіліс залында  оқушылар арасында ақын өлеңдерінен  байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.«Жігіт сұлтаны» сайысы  жоғары сыныптар арасында өткізіліп, марапатталды.«Қазыбек бидің 355 жылдығы», Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай   конференция ұйымдастырылып өткізілді.    Алғыс айту күніне байланысты «Ақ  жүрекпен» тақырыбында 8Б сыныбының ашық тәрбие сағаты өткізілді. Барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізіліп, әлеуметтік желіге салынды. 8 наурыз мерекесіне орай   «Аналар- асыл жандар»   тақырыбында  8А сынып оқушыларының ашық тәрбие сағаты мәжіліс залында өткізіліп, мерекелік іс-шаралар жалғасын тауып, фейсбук парақшаға жүктелді.  8 наурыз мерекесіне орай   «Қыз баланың әдебі туралы тағы да бір сөз», «Көктем аруы» жоғары сыныптар арасында байқау ұйымдастырылып жүлде алған сыныптар марапатталды. «Наурыз- бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» тақырыбында 9б сыныбы ашық  тәрбие сағаттары,   сайыстары, ұлттық ойындар,  мерекелік байқаулар   1-11 сыныптар арасында өткізілді. «Табиғат туып өскен тал бесігім»  ұранымен мектеп ауласын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қолға алынып , жеміс ағаштары мен раушан гүлдері отырғызылды.  «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің келешегі кемел » халықтар достығы күніне орай тәрбие сағаттары, түрлі сайыстар  концерттік бағдарламалар сыныптар арасында ұйымдастырылып , әлеуметтік желіге салынды. ҚР қарулы күштер күні Отан қорғаушылар мерекесі  « Елдің бірлігі-ең асыл қасиет», «Ерлік ұрпаққа мұра» тақырыптарында 6А сыныбы ашық  тәрбие сағатын өткізді. Барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізіліп отырды. Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай тылда еңбек еткен ардагерлермен кездесу өткізілді. Ауыл тұрғындарына,  тылда еңбек еткен ардагерлерге  мектеп ұжымы мерекелік кеш  өткізіп, жақсы көңіл-күй сыйлады. 2023 жылдың 15 мамыр-  Халықаралық Отбасы күні  аясында «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында    іс-шара жоспары жасалынып жұмыс атқарылды.2023 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы  іс-шара жоспары жасалынып, сынып сағаттары, қауіпсіздік шараларын сақтау керектігі жайлы ата-аналарға, оқушыларға түсініктеме жұмысы жүргізілді.Оқушылар мен ата-аналардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша 2022-2023 жылдарға  іс-шаралар жоспары жасалынды. Осы жоспар бойынша жұмыс атқарылды.

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие:

Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.Мектебімізде қыздар ұйымы және  ұлдар ұйымы жұмысы да дұрыс жолға қойылған.«Айбын» ұлдар ұйымының жетекшісі, «Жауқазын»  қыздар ұйымының жетекшісі  жылдық жұмыс жоспар құрып, ай сайын қыздар және ұлдар жиынын өткізіп отырды. Отырыс барысында «Қызды қырық үйден тыю?», «Қыз қылығымен көрікті» , «Қыздарға әсемдік жарасады» және тағы да  басқа түрлі тақырыптарда баяндамалар жасалып,қыздар және ұлдар ұйымының секторларымен талданып отырды. Қыздар ұйымы жетекшілерінің ұйымдастыруымен  «Ал қанекей қыздар», «Күз ханшайымы-2022»  сайысын өткізу «Ажарлы сұлу ғажап тым, қыздары қандай қазақтың!», «Көктем аруы-2023»байқауларын жоғарғы деңгейде өткізілді деп атап өтуге болады. 

ҚР рәміздерін қастерлейтін,Отанымыздың мүддесін қорғай алатын,құқықты сауатты,білікті,бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу.  Мектеп бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында құқықтық-профилактикалық кеңес жұмыс істейді. Кеңес 9 адамнан тұрады. Кеңестің   жұмыс жоспары бекітілген, хаттамалары бар.  «Заң және заман»  атты баяндамлар оқылды. «Түнгі ауылдағы балалар» атты он күндік аясында   оқушылар, ата-аналар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылды. Құқықтық кабинет жұмыс жүргізіп, барлық сыныптарда құқықтық білімдер жайында сынып сағаттары өткізілді.Тәрбие сағаттарының оқушыларды құқықтық мәдениеттілікке тәрбиелеудегі ролі зор болды десек қателеспейміз.

Рухани-адамгершілік тәрбие бағытында.

Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы "Рухани жаңғыру" құндылықтары негіздерінің, оның ішінде "Құндылықтарға негізделген білім беру", "Қоғамға қызмет" жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру.Мектеп бойынша оқушылар бойына адамгершілік кодексін сіңдіру мақсатында 1 қазан қарттар күніне ,   жастар ұйымымен бірлесе отырып,   ұстаздар мерекесіне байланысты қарт ұстаздарға  «Ұстазым, ұлағатым -үлгі өнегем!» атты құрмет көрсету барысында оқушылар зейнеткер ұстаздарды құттықтады, «Күз кереметі » атты  оқушылар арасында бау-бақшадағы өнімдерінен жарыс ұйымдастырылды.  8 наурыз Халықаралық аналар  мерекесіне орай «Аналар асыл жандар» 22-наурыз Ұлыс күні қарсаңында « Қош келдің  Әз -Наурыз» ,  ҚР халықтарының бірлігі күні,  Жеңіс күніне «Ештеңе ешқашанда ұмытылмайды» тақырыптарында сынып сағаттары және тәрбие сағаттары  өткізілді.

Ұлттық тәрбие:
 Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау. 

«Ұлы тұлғаларға тағзым» сынып сағаттары, «Теңге-Қазақстанның үміті мен өмірінің символы», Теңге-Қазақстанның үміті мен өмірінің символы»  ұлттық теңге күніне арналған кітаптар көрмесі,«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»ақпараттық сағат, «Наурыз- бейбітшілік пен жақсылық мерекесі»  тәрбие сағаттары, «Салт –дәстүрім –қазынам»   танымдық сабақтары,  «Ана тілім -ардағым», «Қыз көркем, қылығымен еркем»   баяндама, кеңестер, Отбасы және мектеп» дөңгелек үстел, видеоролик, «Ұлағатым-дәстүрім» тәрбие сағаты, «Қызға қырық үйден тыйым» (қыздар арасында )  дөңгелек үстел,  «Өз жеріңді таны»сынып сағаты 1-5 сыныптар арасында, «Қазақ халқының қолданбалы өнері-ұлт мақтанышы» шығармашылықпен жұмыс өткізілді. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы «Еңбек-елдің мұраты.Құқықтық мәдениет» бағыты «Жас Ұлан», «Жас Қыран"  қатарына қабылдау.«Жас Ұлан ұйымының» слеты аудандық семинар өткзіліп, әлеуметтік желіге жүктелді. «Ұлттық қолөнер –ұрпаққа аманат» қолөнер көрмесі, « Салтым менің-асыл қазынам», «Жас өренге айтарым бар құлақ салса»   ана-әжелермен кездесу, «Қыздың жолы жіңішке»  пікіралмасу өткізілді.

Отбасылық тәрбие:
 Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру. «Отбасы –бақыт мекені» апталығы 5-11 сынып арасында өткізілді. «Отбасы –мектеп» жобасы" Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі " коллаж,Жоба «Оқуға құштар мектеп»«Мен кітап оқығанды жақсы көремін», «Толағай» отбасылық сайысын ұйымдастырылды. «Отбасы-тәрбие бастауы» әдеп сабағы ,
«Бақытты отбасы-зорлық зомбылықсыз әлем» әңгіме кеңес, «Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!»отбасылық бейне байқауы,«Менің бақытты отбасым» сурет көрмесі, Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» өнеге сағаты, «Отбасы-алтын діңгек»  5а,б сынып    тәрбие сағаты, Отбасы –тіршіліктің тірегі.» дөңгелек үстел,  15 мамыр Халықаралық отбасы күнін өткізілді.

Еңбек, экономикалық   және экологиялық тәрбие:

Мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны гүлдендіруге,  жануарларды,   аңдарды  қорғауға  баулу.   Оқушыларды еңбекке,еңбек ететін адамдарды құрметтеуге, іскерлікке баулу.  Жастарға нарық заманы кезінде өмір сүру қағидаларын үйрету,үнемділік пен еңбек қағидаларын бойына сіңіру. 

«Әлемнің әміршісі-Еңбек»тақырыбында 10 сыныптар арасында тренинг өткізілді. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы «Үнем –қоғам қуаты» жобасы бойынша «Қоқыссыз әлем»,  «Бақша ғажайыптары» жемістер мен көкөністерден қолөнер көрмесі, «Еңбек – елдің мұраты» танымдық сабақ, «Жер – ортақ үйіміз» суреттер сайысы,«Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет, Экологиялық сынып сағаты. «Эко-әлем», «Табиғат туып өскен тал бесігім»  мектеп ауласын абаттандыру, «Барлық жағынан жетістікке жетудің сыры неде?» дебат,Кәсіптік бағдар беру жұмысы, колледждер мен ЖОО өкілдерімен кездесу өткізілді. «Кәсіптік бағдар-болашаққа жол» 9-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. «Аяулы күз – алтын күз»   жәрмеңке ұйымдастырылып өткізілді.«Табиғатты таза ұстау-адамзаттың  борышы» сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. 1-11 Сынып  білім   алушылар  үшін экологиялық білім  беру сынып сағаттарының бағдарламасы бойынша сынып сағаттары уақытында өтілді. Оқушылардың экологиялық тәрбиесі мен білім алуына, экологиялық   мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету үшін , экологиялық білімді тереңдету және кеңейту, танымды, мінез-құлықты тәрбиелеу,   экологиялық әрекет барысында табиғатты қорғау сезімін ояту мақсатында  2-11 сынып оқушылары арасында облыстық экологиялық бағыт бойынша іс- шараларды өткізді. Күзгі және көктемгі тазалық, көркейту,  көгалдандыру   айлықтарында тазалық  жұмыстары жүргізіледі. Мектебімізге биыл көктемде  раушан гүлінің , шырша, жеміс ағашының көшеттері отырғызылды.

Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу:
  Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.

«Интернетсіз бір күн» акциясы, «Қазақстанның дамуы жастар қолында» дебат, Оқуға құштар мектеп жобасы «Бірге кітап оқиық!», «Жігіт сұлтаны» сайыс, «Үш тілдің  бірлігі» зияткерлік ойын, «Мәңгілік ел –мәңгілік тіл» алғырлар мен білімділер сайысы, «Қауіпсіз балалық шақ» акция, «Ана тілін құрметтейік»   көркемсөз бастауыш сыныптар арасындабайқау ұйымдастырылды.Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі  кітапхана» мектеп кітапханашысы  дөңгелек үстел өткізді. «Ғаламторсыз өмір мүмкін бе? тақырыбында оқушылармен   пікірсайыс ұйымдастырылды. «Білім көзі кітапта» кітапханадағы бір күн   оқушылармен ой бөлісу өткізілді. 

Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие:

 Мақсаты: Оқушылар бойына әсемділік қасиеттерін қалыптастыру,киім-кию,жүріс-тұрыс, дастархан мәдениетіне баулу. «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» дебаттық  сағаты, «Күз ханшайымы-2022»  сайысын өткізу «Ажарлы сұлу ғажап тым, қыздары қандай қазақтың!, «Жаңа жылым, бақ жылым» жаңа жылды қарсы алу іс-шаралары, «Оқушы мен ұстаз мәдениеті» дөңгелек үстел, «Адам бойында бәрі де әдемі,сұлу болуға тиіс» әңгіме, кеңес, «Аналар- асыл жандар» меркелік кеш, «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің келешегі кемел » (халықтар достығы күніне орай « Елдің бірлігі-ең асыл қасиет» мерекелік кеш, Театрларға, мұражайларға бару танымдық саяхат ұйымдастырылды. «Аяулы ару қыздар» тақырыптарда   кездесулер,пікірталастар ұйымдастырылды. Суреттер байқауы өткізілді. 

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты:

Мақсаты:  Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулығын күтуге, шынығуға, санитарлық-гигиеналық талаптарды ұстануға дағдыландыру. Аталған тақырып  бойынша,  мектептің дәрігері жыл сайын аурудың алдын алу мақсатында тексерулер ұйымдастырады.   Әр түрлі жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында оқушылар арасында диктанттар, шығармалар алынды. Мектеп мейірбикелері «1желтоқсан –Дүниежүзілік  ЖИТС –пен  күрес күн», Зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстары  «Темекінің зардаптары» бейнетаспа көрсетіп,пікір алмасуДүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай «Ауырмаймын десең...» «Туберкулез ауруының алдын алу туралы» оқушылардан диктант жаздырылып алынды.«Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін!» сынып сағаттарын өткізу, «Мектеп оқушыларына академиялық жетістіктері үшін шәкіртақы төлеуді қолдайды»  дебат, «Жат қылықтан жирен» тәрбие сағаттары кездесу, «Салауатты өмір –көтеріңкі көңіл» «Қызықты қыс»,«Жасөспірім және зиянды заттар зардабы»  өнеге сағаттары, 7 сәуір –Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» спорттық сайыс,  Судағы қауіпсіздік техникасы бойынша әңгіме.Жол қозғалысы ережелері,  «Жазғы демалыста өзін қалай ұстау керек»«Асық ату» ұлттық ойынын өткізілді.

Ата-анамен жұмыс.    

Мақсаты: Ата-аналар арасында бала тәрбиесіне деген көңіл бөлу міндеттерін  арттыру.  Балалардың салауатты өмір сүруіне ықпал етуге,  ата- анамен мектеп ұжымы  арасындағы   байланысты шараларды нығайту. Мектеп бойынша ата-аналар кеңесі,  комитеті құрылған. Ата-аналар кеңесі 7 адамнан тұрады.  Кеңес мүшелері арасында атқаратын жұмыс үйлестірілген.  Әр тоқсан сайын жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді. Жыл бойы ата-аналар арасында баяндамалар оқылып,  семинарлар өткізіледі.  Ата-аналар арасында бала тәрбиесіне байланысты сауалнамалар жүргізіледі.   

2022- 2023  оқу жылында тәрбие саласы  бойынша өткізілген іс-шараларды қорытындылай келе, жіберілген кемшіліктерді ескере отырып жаңа оқу жылына төмендегі жаңа міндеттерді алға қоямын:         

  • Сыныптан тыс өткізіліп жатқан іс -шараларға оқушылардың толық қатысуын қамтамасыз ету; 
  • Үштік қоғамдық ұйым, ата-ана,мұғалім,  оқушы үнемі байланыста тығыз қарым-қатынаста болуын қадағалау:
  • Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға және қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға және мәдениеттілікке үйрету;
  • Оқушылардың себепсіз сабақ қалдырмауын қадағалау;  

 Қорыта келгенде А.Байтұрсынов атамыз «Әрбір бала табиғаттың ерекше құбылысы, оның бойында мистикалық күші, ғажайып дарындылық бар» деген. Осы сөзге терең бойлап, бала бойынан даналық пен даралықты іздеу қағидасына сүйене отырып жұмыс жасайық дегім келеді.  



Тәрбие жұмысының свод талдауы

Тәрбие жұмысының ұтымды жақтары 

Тәрбие жұмысының әлсіз жақтары 

Тәрбие жұмысының қауіпі

Шешу жолдары 

-Тәрбие жұмысының басым бағыттары көрсетілген;

-Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысына жоспар жасалған; 

-Тәрбие жұмысы жоспарлы түрде жүргізілді. 

-Салауатты өмір салтын сақтау және денсаулықты нығайту мақсатында спорттық секциялар жұмыс жасады.

-Ашық тәрбие сағаттары, салтанатты жиындар жақсы деңгейде өткізілді.

- «Отбасы-орта мектеп» жобасы аясында ата-аналармен жаңа форматта іс-шаралар атқарылды

-Тәртіп бұзған оқушылармен жекелеме жұмыстар жүргізіледі.

«Жас сарбаз» әскери патриоттық клуб жұмысының белсенділігі төмен 

"Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру бойынша бірнеше пікір-сайыс байқауларына қатыса алмауы



-Оқушылардың бос уақытын қалай өткізетіндігін толық бақылау жасай алмаймыз.

-Интернет арқылы берілетін жағымсыз ақпараттан оқушыларға келетін қауіп.

-Тәрбие жұмысы бойынша біліктілігін арттыру курстарына сынып жетекшілерді жіберу;

«Жас сарбаз» әскери патриоттық клуб жұмысын жандандыру 

"Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру бойынша бірнеше пікір-сайыс байқауларына қатысуын жандандыру






ҚОРЫТЫНДЫ:


Қорыта келгенде, сыныптар бойынша тәрбие жұмысы көздеген мақсатқа жетті.Жоспарланған іс-шаралар, ашық тәрбие сағаттары өтіліп, талданды. 


Шешім:

1.Сынып сағаттары мен ашық тәрбие сағаттарын өтуде тәрбие жұмысының формасы түрленсін;

2.Оқушыларды жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастырып дамытуда сыныптан, сабақтан тыс іс-шараларға, түрлі байқаулар мен спорттық жарыстарға жиі қатыстырылсын;

3.Мектептің тәрбие жұмысының жылдық жоспарын, тәрбие жұмысының мақсатын жүзеге асыру барысында сапалы жұмыстар атқарылсын.