Әлеуметтік педагог Кермухаеметова Н
2023-2024 оқу жылында әлеуметтік педагог маманының атқарған жұмыстарының жылдық қорытынды есебінің анықтамасы
Жыл басында әр сыныптың әлеуметтік жағдайы анықталып,тізімдері берілді.
Мектептің әлеуметтік паспорты
2023-2024 оқу жылы
№ | Әлеуметтік санаттар | Оқушы саны | Отбасы саны |
1 | Жалпы мектептегі 1-11 сынып арасындағы оқушылар саны | 454 | |
2 | Ұлы | 235 | |
3 | Қызы | 219 | |
4 | АСП атаулы көмек алған отбасынан шыққан балалар саны | 44 | 21 |
5 | Толық емес отбасынан шыққан балалар саны | 38 | 27 |
6 | Ажырасқандар | 26 | 19 |
7 | Әкесі жоқ балалар | 8 | 7 |
8 | Шешесі жоқ балалар | 4 | 2 |
9 | Көп балалы отбасынан шыққан бала саны | 145 | 57 |
10 | Өгей әкемен тұратын бала саны | 9 | 7 |
11 | Өгей шешемен тұратын бала саны | 2 | 1 |
12 | Тұлдыр жетім балалар саны | 0 | 0 |
13 | Сәтсіз отбасынан шыққан бала саны | 0 | 0 |
ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен, «Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 26.07.2023 жылғы хатын басшылыққа ала отырып, мектеп директорының № 188 бұйрығына сәйкес 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Жақсылықты жаса »ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жұмыстары мектепте жүргізілді.
Акция мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа көмек ұйымдастыру және көрсету.
Акция ұраны: «Жақсылықты жаса»
Білім бөлімінен акция аясында келіп түскен бұйрықты негізге алып, мектепішілік бұйрық шығарылып, акция ұйымдастыру жөніндегі жоспар жасалып бекіттілді. «Жақсылықты жаса » ұранымен «Мектепке жол» акциясы аясында бизнес құрлымдарға, мецинаттарға,кәсіпкерлерге акцияға қатысуға өтініш парағы таратылды. Акция аясында мектеп қабырғасына банер ілінді. Балалар әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу. Әлеуметтік желілер инстаграм, фейсбук парақшаларына акцияның өтілу барысы жарияланып отырды және баспасөз беттеріне мақала жариялады.
Жылда өткізілетін бұл акция барысында демеушілер өз тарапынан оқушыларды қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Мектеп әкімшілігі акцияға белсене қатысу туралы хабарландыру беріліп,ауыл тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақыру жүргізілуде. Әлеуметтік желілерге хабарландырулар берілді.Акция барысында жеке кәсіпкерлерді демеушілікке тарту жұмыстары жүргізілді.
«Мектепке жол – Жақсылық жаса» атты ұранымен басталған бұл акцияда әлеуметтік жағдайы анықталған оқушыларға көмектер көрсетіле бастады. Ауыл азаматтары мен мектеп ұстаздарының демеушілігімен 30 оқушыға мектеп формасы,спорттық киімдер және мектепке қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілді.Акция барысында барлық көмекті қажет ететін отбасы балалары қамтылды. Панфилов ауданы бойынша «Аманат» партиясынан білім алушыға оқу құралдармен қамтамасыз етілді.
Әр он күн сайын Панфилов аудан білім бөліміне «Мектепке жол»акциясының есебі беріліп отырды. 30қыркүйек акцияның соңғы күніне орай барша демеушілік көрсеткен демеушілерге алғыс айтылып,концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жыл сайын балаларға мейірім мен шуағын төге келетін акция көпшілік көмегімен өз дәрежесінде өтеріне сеніміміз мол.
Instagram, facebook әлеуметтік желіге мектепке жол акциясының басталғаны туралы хабарламалар жарияланды.
Сыныптар «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан бөлінген қаржыға тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың 2023-2024 оқу жылына бірінші қыркүйек күннен бастап тізімдері құрылып,құжаттары жинақталды.
Мектеп оқушыларының,әсіресе әлеуметтік жағдайына байланысты оқушыларды және бастауыш сынып оқушыларының тиімді тамақтануына мектеп әкімшілігі және комиссия мүшелері тарапынан баса назар аударылды. «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан бөлінген қаражатқа әр ай сайын 210 оқушы тегін тамақтанады оның ішінде бастауыш 1-4 сыныптағы тегін ыстық тамақпен қамтылған бала саны -183 оқушы,5-11 сыныптағы тегін ыстық тамақпен қамтылған бала саны -27 .Оқушылардың ыстық тамаққа кіру кестесі жасалынған.Үлкен үзілісте тамақтану қаралған,уақыты 10 25 16 25 Асханада оқушылар 2 кезеңмен тамақ ішеді.Оқу жылы басында ыстық тамақтың нормасын,оқушылардың ыстық тегін тамақпен қамтылуын тексеретін комиссия мүшелері сайланып,өз жұмыстарын жүргізіп отырды.
Мектеп асханасының құжаты толық,талапқа сай.Асхана мектептің күн тәртібіне байланысты оқушыларды толығымен ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр.Оқушыларға берілетін күнделікті ас мәзірін мектеп медбикесі тексереді.Оқушылардың тамақтануын күнделікті сынып жетекшілер,мектеп медбикесі Ж.Талғарбаева, мектеп әкімшілігі бақылап отырды.Асхана жұмысы 4 апталық балалардың ас мәзірі күнделікті беріліп жатқан тамаққа сәйкес, бір күндік ас мәзірі директорымен бекітіліп күнделікті қадағаланып отырады.
Мектеп медбикесі асхананың төмендегідей құжаттарын жүргізеді.
1.Тағамдар мен аспаздық өнімдердің сапасын органикалық бағалау құжатына,мектеп медбикесі күнделікті балаларға берілетін күн мәзіріндегі тамақтардың сапасын бағалап,тексеріп жазып отырады.
2.Тез бұзылатын өнімдердің сапасын тексеріп,тіркеу құжатына,күнделікті тез бұзылатын азық-түлектердің сапасын тіркейді. 3.Асхана қызметкерлерінің тексеріп-қарау нәтижелерін тіркеу журналына,күнделікті асхана қызметкерлерінің тазалығы денсаулығы,тексеру туралы тіркейді.
Тазалау жүргізуді тіркеу журналына тіркеу журналына әр аптаның журналына әр апталық соңғы күні дезинфенциялық құралмен күрделі тазалау жүргізіліп,дезинфекциялық құралмен күрделі тазалау жүргізіліп,соны асхана қызметкелері құжатқа тіркеп отырады.
Тамақтың сапасы жақсы,нормаға сәйкес. Мектеп асханасының санитарлық- гигиеналық жағдайы талаапқа сай.Стол орындықтары жеткілікті.Ас мәзірінен ауытқу жоқ.Тамақ дайындауға керекті аспаптары ыдыс-аяқтары жеткілікті,әрі таза. Залалсыздандыру ерітінділері,ыдыс жуғыш жеткілікті.Аспаздар таза халатпен қызмет көрсетеді.Медицинадан өткендігі туралы құжаттары бар. Панфилов АПБ-нің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Абуов Саят Жумағалиұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова, педагог психолог Ж.Қ.Майлыбаева,әлеуметтік педагог Н.Ж.Кермухаметова бірігіп мектебімізде өгей әке шешемен,өгей әкемен және мектешілік есепте тұратын оқушылардың тұрғын үй тұрмыстық жағдайымен тәрбие жағдайына тексеру жүргізілді.
8- қыркүйек –Бірыңғай Отабсы күніне атқарылған іс-шаралар есебі «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамассыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» атты жоба аясында Панфилов ауданы бойынша мектебімізде өткен іс шаралардың есептері
№1 атқарылған іс-шара | |
Іс-шараның атауы | Дәріс |
Өткен уақыты ме орны | АКТ залы |
Тақырыбы | «Отбасы – бақыт мекені» |
Лектордың аты-жөні | Кермухаметова Н.Ж |
Лектордың толық баяндамасының толық мәтіні | Адамзат баласының тірі тіршіліктен ойлану, сезіну, уайымдау дейтін күйлермен ерекшеленетіні бәрімізге белгілі. Ал, осы күйлерді "отбасыға "- байланысты жағдайларда бастан кешіріп жатамыз. Отбасы үлкен құндылық. Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет.Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. М.Жұмабаев былай деген екен: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн” Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады. Ұрпақтың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатыны белгілі. Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Жанұя – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Жанұяның әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ, - деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Осы орайда елімізде "Отбасы күні"-белгіленіп, Отбасы ұғымының құндылығын тереңнен түсінуге қадамдар жасалынды. "Отан отбасынан басталады"-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Отбасындағы әрбір жанның жақсылыққа бет бұрып сол жолда қалыптасуы отанымыздың өркендеуіне тікелей әсер ететіні сөзсіз. Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет.Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Осындай үлкен мәні бар құндылықтар жатқан "Отбасы" ұғымын ұлықтап, дәріптегеніміз абзал. Баршаңызды "8 қыркүйек-Бірыңғай Отбасы күні"-мен құттықтаймын. Отбасы бақыттың мекені. Отбасыларыңыз аман болсын, еліміздің іргесі биік болсын! |
Қатысушылардың жалпы саны | 150 |
фотосуреттер(2-3 фото) | |
Жергілікті Бақ-тардан шыққан жариялымдар (скриншот) | |
Әулеметтік желілердің сілтемелері | |
№2 атқарылған іс-шар | |
Іс-шараның атауы | Психологиялық тренинг |
Өткен уақыты ме орны | Акт зал |
Тақырыбы | «Бақытты отбасы» |
Лектордың аты-жөні | Мектеп психологы: Майлыбаева Ж.К |
Лектордың толық баяндамасының толық мәтіні | |
Қатысушылардың жалпы саны | 150 |
фотосуреттер(2-3 фото) | |
Жергілікті Бақ-тардан шыққан жариялымдар (скриншот) | |
Әулеметтік желілердің сілтемелері | |
№3 атқарылған іс-шара | |
Іс-шараның атауы | Сынып сағаттары |
Өткен уақыты мен орны | Сынып бөлмелері |
Тақырыбы | «Отбасы – бақытмекені» |
Лектордың аты-жөні | Сынып жетекшілер |
Лектордың толық баяндамасының толық мәтіні | |
Қатысушылардың жалпы саны | 180 |
фотосуреттер(2-3 фото) | |
Жергілікті Бақ-тардан шыққан жариялымдар (скриншот) | |
Әулеметтік желілердің сілтемелері | |
«Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбы бойынша
Мектебімізде 9-11 сыныптар арасында «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел, пікір алмасу өткізілді. Оқушыларға слайдтар,бейнероликтер көрсеттілді.Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету – өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі жайлы түсіндіріп айтып өтті. «Кибербуллинг дегеніміз не? » тақырыбында оқушыларға кибербуллинг жайлы толық тоқталып өтті. Кибербуллинг – бұл әлеуметтік желілер, онлайн ойындар және жедел хабарламалар қосымшалары арқылы онлайн қорлау.Кибербуллингтің түрлерімен таныстырып оқушыларға нақты түсіндіріп айтты. Кибербуллинг – бұл психологиялық зорлық-зомбылықтың бір түрі және адам құқықтарының бұзылуы.қауіп-қатер төнгізу, қорлау;
тіл тигізу;чаттардан шығарып жіберу;топтық қудалау;әлеуметтік желілерде біреудің жеке басын иемдену;жеке парақшаңызды бұзу және хаттарды жіберу;жеке видео және фото тарату;жеке парақшаңызда біреумен хат-хабар алмасу. Мектеп психологтары,әлеуметтік педагог баяндамасын оқи отырып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Бала құқықтарын қорғау үшін жағдай жасалынған. Мектепте сенім поштасы қойылған. Оқушылар өз ойларын ерікні айта білді
Балалар – қоғамның ең қорғалмаған санаты. Бала –біздің болашағымыз, балаға жақсы тәрбие беру, дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш сыйлау және толық құқылы, еркін тұлға етіп жетілдіру баршаның міндеті.
Баланың өмір қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы әрқашанда сыныптармен жұмыс жүргізіледі. Мектебіміздің оқушылары «Буллингке жол жоқ» деген үндеу жариялады.
Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде ақпараттық-түсіндіру сипаттағы іс-шара жоспары бойынша
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп психологтары К.Курманиязова, Ж.Майлыбаева, «Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар?» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында әр сыныппен жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жазғы мектепте ата-аналарының өтінішімен оқып жатқан оқушылармен танымдық сабағын жүргізсе, қашықтықтан В атцап желісі арқылы қалған оқушыларды қамтып слайдтар,бейнероликтер көрсетті.Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету – өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі жайлы түсіндіріп айтып өтті.«Кибербуллинг дегеніміз не? » тақырыбында оқушыларға кибербуллинг жайлы толық тоқталып өтті. Кибербуллинг – бұл әлеуметтік желілер, онлайн ойындар және жедел хабарламалар қосымшалары арқылы онлайн қорлау.Кибербуллингтің түрлерімен таныстырып оқушыларға нақты түсінідір айтты. Кибербуллинг – бұл психологиялық зорлық-зомбылықтың бір түріжәне адам құқықтарының бұзылуы.қауіп-қатер төнгізу, қорлау;
тіл тигізу;чаттардан шығарып жіберу;топтық қудалау;әлеуметтік желілерде біреудің жеке басын иемдену;жеке парақшаңызды бұзу және хаттарды жіберу;жеке видео және фото тарату;жеке парақшаңызда біреумен хат-хабар алмасу. Мектеп психологтары баяндамасын оқи отырып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
«Зорлықсыз әлемді қалай құруға болады» тақырыбында эссе жаздырылынып алынды. «Зорлыққа арналмаған жеткіншектер» тақырыбында оқушылармен семинар тренинг өткізілді. Осы тақырыпта сауалнамалар алынып, эссе жаздырылды.Бала құқықтарын қорғау үшін жағдай жасалынған. Мектепте сенім поштасы қойылған.
«Зорлық – зомбылықсыз әлем – бұл фантастика емес » Зорлық – денсаулыққа зиян келтіретін , қиыншылық , тіпті өлімге де апаратын күш көрсету немесе күшті пайдалану қатері. Сондықтан , қандай түрі болмасын , зорлық – адам құқықтарының бұзылуы. Зорлықсыздық өзіміздің күнделікті өмірімізбен қатар халықаралық қатынастарда да маңызды рөл атқарады. Балаға қатысты зорлық -зомбылықтың түрлері өте көп. Балалар – қоғамның ең қорғалмаған санаты. Бала –біздің болашағымыз, балаға жақсы тәрбие беру, дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш сыйлау және толық құқылы, еркін тұлға етіп жетілдіру баршаның міндеті.
Баланың өмір қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы әрқашанда сыныптармен жұмыс жүргізіледі. Рефераттар, слайдтар, бейнероликтер арқылы оқушыларға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әр сынып жетекші сыныптарында бала өміріндегі құқықбұзушылықтардың зияны туралы әңгіме өткізілді.
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе.Құқық бұзушылық –бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әр жыл сайын айлық іс-шара жоспары жасалынып бекітіледі.Жоспар бойынша ай сайын және айлық жоспар бойынша түрлі әдістер мен іс –шаралар өткізіледі.Олар:дөңгелек үстел,пікірталас,тәрбие сағаттары,құқық бұзушылық қызметкерлерімен кездесулер өткізулер өткізіліп отырады.Осы жоспар бойынша тек құқық бұзықшылық қана емес,сонымен қатар патриоттық,адамгершілік,талғамдық тәрбиеге қатысты жұмыстар атқарылуда.Қазіргі таңда мектепшілік есепте 13 оқушы бар.Оның себебі анықталып,ол қазіргі кезде мектепшілік есептің тізімінде тұр.Бұл тіркеудегі оқушыларға қазіргі уақытта оқушының есепке алу парағы,оқушының жеке парағы,оқушының есепке алу хаттамасы,оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі,сол оқушымен атқарылатын жұмыс жоспары,мектеп психологімен,тәлімгерімен,сынып жетекшісімен,ата-анасымен сұхбаттасу жоспары,психологтің жүргізген жұмысының қорытындысы сияқты жеке бақылау қағаздары толтырылды.Құжаттары жинақталып,іс-шара жоспары жасалынып,бекітілген.Ата-анамен,сынып жетекшілермен жұмыс жоспары жасалынған.Спорттытық,туристік-өлкетанулық,басқа сәндік қолданбалы үйірмелерге қатысады.
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама
Панфилов АПБ-нің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Абуов Саят Жумағалиұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова, педагог психолог Ж.Қ.Майлыбаева,әлеуметтік педагог Н.Ж.Кермухаметова бірігіп мектебімізде өгей әке шешемен,өгей әкемен тұратын білім алушының тұрғын үй тұрмыстық жағдайымен тәрбие жағдайына тексеру жүргізілді.
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мекемесі
2023-2024 оқу жылы үйден оқитын оқушылардың сабаққа дайындығын,жай – күйін,әлеуметтік және отбасылық жағдайын мектеп әкімшілігі бақылау туралы
АНЫҚТАМА
8А сынып үйден оқитын оқушысы Әбдібек Әлихан және 4Бсынып үйден оқитын оқушысы Ерғабыл Аңсар сабаққа дайындығын,жай – күйін,әлеуметтік және отбасылық жағдайын мектеп әкімшілігі бақылап,қарап шықтық.
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мекемесі
4Бсынып оқушысы Ерғабыл Аңсар
8А сынып оқушысы Әбдібек Әлихан
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы
Анықтама
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 29- наурыз күні 7А-7Б сынып арасында өткізілді. «Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Анықтама жазған әлеуметтік педагог Н.Ж.Кермухаметова
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы
Анықтама
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12- наурыз күні 8-10 сынып арасында «Теріс субмәдениеттің таралуына жол бермеу және әлеуметтік желілерде, соның ішінде тик-ток және Discord –та деструктивті және жағымсыз мазмұнды құруға жол бермеу » атты конференция өткізілді.
Әлеуметттік педагог Н.Ж.Кермухаметова
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы
Анықтама
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20- наурыз күні 8-10 сынып арасында өткізілді. «Құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік» конференция өткізілді.
Әлеуметттік педагог Н.Ж.Кермухаметова
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы
Анықтама
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-9 сынып оқуларымен бірге ұйымдастырылған «1 наурыз-Алғыс айту» мерекесіне оқушылардың құттықтауы.
Әлеуметік педагог Н.Ж.Кермухаметова
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы
Мектебімізде 15- мамыр Отбасы күні аталып өтілді. Ата –аналар белсенді қатысты.М.Жұмабаев былай деген екен:«Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс».
Әлеуметтік педагог Н.Ж.Кермухаметова
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы
Мектебімізде 15- мамыр Отбасы күні аталып өтілді. Ата –аналар белсенді қатысты.М.Жұмабаев былай деген екен:«Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс».
Әлеуметтік педагог Н.Ж.Кермухаметова
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы
Мектебімізде 2024 жылғы 6- 12 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында Аналар күнін мерекелеуге арналған жалғыз басты аналарды,көп балалы аналарды немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарды қолдауға арналған қайырымдылық акция өтілді.
Әлеуметтік педагог Н.Ж.Кермухаметова
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы
Мектебімізде 2024 жылғы 1маусымда Қазақстан Республикасында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған «Алтын балалық шақ» декадасын өткізу тұжырымдамасы бойынша 2024 жылғы 1-10 маусым аралығында ,«Балаларды махаббатпен қорғайық» іс шара бойынша «Досыңа қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акция өтілді.
Әлеуметтік педагог Н.Ж.Кермухаметова
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы
Мектебімізде 2024 жылғы 1маусымда Қазақстан Республикасында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған «Алтын балалық шақ» декадасын өткізу тұжырымдамасы бойынша 2024 жылғы 1-10 маусым аралығында ,«Балаларды махаббатпен қорғайық» іс шара бойынша «Досыңа қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акция өтілді.
Әлеуметтік педагог Н.Ж.Кермухаметова
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылы
Мектебімізде Алғыс айту мерекесіне байланысты «Қайырымдылық керуені»,«Қоржын» қайырымдылық акция өтілді.Мектеп әкімшілігі оқушыларға сабаққа қажетті оқу құралдарын тарқаттық.
Әлеуметтік педагог Н.Ж.Кермухаметова
Қорытынды: «Мектепке жол» акциясы өз уақытысында өткізілді. Тамақтың сапасы,нормасы дұрыс.Мектеп асханасының санитарлық –гигиеналық жағдайы талапқа сай. 8- қыркүйек –Бірыңғай Отабсы күніне атқарылған іс-шаралар есебі «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамассыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» атты жоба аясында Панфилов ауданы бойынша мектебімізде өткен іс шаралар жүргізілді.«Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» мектебімізде жұмыстары жүргізілді. Панфилов АПБ-нің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Абуов Саят Жумағалиұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова, педагог психолог Ж.Қ.Майлыбаева,әлеуметтік педагог Н.Ж.Кермухаметова бірігіп мектебімізде өгей әке шешемен,өгей әкемен және мектешілік есепте тұратын оқушылардың тұрғын үй тұрмыстық жағдайымен тәрбие жағдайына тексеру жүргізілді.
Ұсыныс:
2023-2024 оқу жылында жұмыс барысында жіберілген кемшілектерді алға қоя отырып,2024-2025 оқу жылына мынандай мақсаттар алынды.
1.«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына демеушілерді көптеп тарту,демеушілерді тарту үшін сынып жетекшілерімен жүйелі жұмыстар атқару;
2.«Мектепке жол» акциясының өтілу барысы туралы мақалаларды баспа беттерге көптеп жариялау.
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2023-2024 оқу жылында әлеуметтік педагог маманының атқарған жұмысына SWOT талдауға
1.Күшті жақтары | 2.Әлсіз жақтары |
-Оқушылардың тұрмыс -жағдайын зерттеу мақсатында үнемі рейдтердің сапалы ұйымдастырылып тұруы; -Тәжірибе алмасу мақсатында әлеуметтік педагогтармен үнемі тығыз байланыста болу; -ЖБББ қоры есебінен әлеуметтік санаттағы оқушыларға бір реттік ақшалай көмек берілуі; -көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы; |
|
3.Мүмкіндіктері | 4.Қауіп жақтары |
1.Әлеуметтік педагог маманнының үнемі ізденісте болуы,тәжіребиелі мұғалімдердің сабағына қатысу,әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу. 2.Әлеуметік жағдайы төмен отбасы балаларына материалдық көмек көрсету. 3.Моральдық жағдай жасау | -Әлеуметтік топтағы балалардың бос уақытын тиімді пайдаланбау себебінен, әртүрлі жағдайларға тап болуы; |