Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхамеджанова Гулнар Қалибекқызы » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхамеджанова Гулнар Қалибекқызы
20
март
2023

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхамеджанова Гулнар Қалибекқызы

Көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру туралы

Анықтама


«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көктемгі каникул іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді.

18-26 наурыз аралығында өткізілетін іс-шаралармен оқушылар таныстырылды. 

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойына ұлттық дәстүрімізді дәріптеу, құндылықтарды бойына сіңіру.Балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар мен эпостардан үзінділер айту іс-шаралары ұйымдастырылды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар арасында онлайн кітап оқу ұйымдастырылып өткізілді.

Мектеп кітапханасында   жаңадан келген «Даналық әліппе» атты кітаптарды оқушыларға онлайн таныстырып өтті.  Рухани-адамгершілік тәрбиесі адамгершілік сипат, адамгершілік сана сияқты құндылықтарды қалыптастырады; сезімдер мен қасиеттер - гуманизм, ар-ождан, ар-намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, жолдастық, мейірімділік, ұят, қағидаттарды сақтау, мейірімділік, ынтымақтастық, ұлттық келісімнің құндылығы, басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу, өмірге этикалық тұрғыдан жауапкершілікпен қарау.

Демалыс - жаңа кітап оқуға немесе сүйікті кітаптарыңызды қайта оқуға таптырмайтын уақыт. 

7-сынып оқушылары «Оқу және жазу мәдениеті күні»  «Өзіне жазушы» тақырыбында ақын, жазушылар жайлы мағлұмат жинап түсіндірме жұмысыжүргізілді..Оқушылар сынып жетекшілерімен ұжымда талқылап, өз ойларымен бөлісті. Мектеп  кітапханашысы   Г.Нартбаеваның  ұйымдастыруымен   «Ұлттық   дәстүр»  тақырыбында  кітап    көрмесі   ұйымдастырылды.  Оқушыларға   қазақтың  салт  дәстүрін,   тәрбиесін, тарихи   кезеңдердің  мәнін  түсіндіру:   отаншылдыққа,  ұлттық  патриотизмге тәрбиелеу.  Тәуелсіз   Қазақстан  үшін  білімді   жас ұрпақ  тәрбиелеу  әрқайсының   міндеті  екенін есте  сақтау.   

Құндылықтар жүйесін қалыптастыру  мақсатында ұлттық тәрбие бағытының шеңберінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. .

«Ұлыстың ұлы күні» оқушылар арасында  наурыз мерекесі жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушы бойында ізгілік, мейірім, адамгершілік сапаларының жетекші сапалар ретінде қалыптасуына құлшыныс тудыру. қазақ халқының салт - дәстүрін білуге, қонақ жайлылыққа тәрбиелеу



Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, ал барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-тыйымдарың адам мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі. 

Ата дәстүр - асыл қазына" атты  салт-дәстүрді насихаттау барысында   қашықтықтан онлайн  өтті.Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта оқытып тәрбиелеу.

Наурыз қазақы  салт – дәстүріміз бұл -  рухани  байлығымыз,ұлттық  болмысымыз,халықтың  ырыс   берекесінің нышаны болып қала бермек.




«Ұлттық спортты қолдайық» 

Дене тәрбиесі салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спорт, физикалық жетілу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастырады.  6-сынып оқушылары «Спорттық белсенділік күні»  «Ұлттық ойын-ұлт игілігі» тақырыбында ұлттық ойындар туралы мағлұмат берілді.

 «Игі істер күні» Бұл күні экологиялық мәдениетті қалыптастыруға назар аудару керек. Экологиялық білім, қоршаған әлемге деген құрмет шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

 Көктем мезгілінде үй жағдайларын, бау-бақшаларына, тазалық жұмыстарын жүргізіп ата-аналарына көмектесті.«Әр  сыныптан  бір ағаш» және  «Тазалық», «Қайырымдылық»    атты   іс  шараға   мектеп   оқушылары  белсене  қатысты.    Оқушылар  мектеп  ауласына   жеміс  ағаштарын, роза  гулдерін    отырғызды.  5-9  сынып    оқушылары мектеп  ауласына  тазалық    жұмыстарын  жүргізді. 


«  Наурыз шуағы!» атты    4-7 сыныптар  арасында    сурет  көрмесі   ұйымдастырылды.   Оқушылар   өз  шығармашылығынан  суреттер   салынып  жеңімпаздардың  суреті   тақтайшаға  ілінді. 


Оқушыларға әлеуметтік желідегі достарыңызбен Наурыз мейрамын тойлау қалай өтті, көктемгі демалыс қалай өтті, қандай оқиғалар есте қалды және т.б. туралы бөліседі.