Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гульнар Қалибекқызы » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гульнар Қалибекқызы
09
январь
2023

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Гульнар Қалибекқызы

«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қазақстан балалары - қысқы ғажайып» атты 

балалардың  қысқы демалыс кезіндегі бос уақытының қамтылуы 

  балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру  бойынша  іс-шара жоспарының 

Анықтамасы

"Қазақстан балалары – қысқы   ғажайып» - қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар қысқы каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

          Демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру-мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі және балалардың шығармашылық дамуы, олардың  рухани әлемі мен ақыл-ойының байытылуы үшін мүмкіндік береді.

          Каникулдық іс-шараларда барынша уақытты тиімді қамтамасыз ету, олармен жеке тәрбие-профилактикалық, түзету жұмыстарын жүргізу, ұжымдық іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету.

 Мақсаты-қысқы демалыс кезеңінде балалар уақытының тиімді қамтылуын  ұйымдастырудың  бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру.

          Міндеттері:

          1) қысқы каникул кезеңінде балалардың демалыс және уақытты тиімді қамту жүйесін сақтауға және тұрақтандыруға бағытталған жағдайлар жасау;

          2) қысқы каникул кезеңінде балалар уақытының тиімдіқамтылуын, демалысын және сауықтырылуын әдістемелік қолдау;

          3) қашықтықтан, оның ішінде қысқы каникул кезеңінде білім алушылардың іс-шараларға қатысуын қамтамасы зету.

          Каникул кезеңінде ұсынылатын іс-шаралар туралы ақпарат білім беру ұйымының ақпараттық стенділерінде, әлеуметтік желіде орналастырылуы, кәмелетке толмағандарды ңата-аналары мен заңды өкілдерінің назарына жеткізіліп, хабардар болды.

Балалармен жасөспірімдердің қауіпсіздігі:

          Қысқы демалыс кезеңінде қауіпсіз жағдай жасау мақсатында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналар мен оқушыларға жиналыс ашылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Автомобиль жолдарындағы тәртіп ережелерін,  автомобиль жолының жанында құлаққаппен ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу, жүріп келе жатқан көліктің сигналдарын естілмей қалуы туралы  айтылды.

          Сондай-ақ оқушылармен сыныптарда мұзда, жолдарда, автомобиль тасымалдары  кезінде, қоғамдық орындарда,   қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы профилактикалық әңгімелесулер өткізіліп, қолхат жазылып алынды.

 «Әулиеағаш орта мектебінде» жоспар жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша  31 желтоқсан мен -08 қаңтар аралығында  барлығы қамтылып өткізілді.

30 желтоқсан  «Қауіпсіздік негіздері» пиротехникалық құралдарын пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік техникасы бойынша  ата-аналарға, оқушыларға ескертпе  айтылды.

31желтоқсан -  «Өз қолдарымен ашық хат» Жаңа жылдық  шеберханасы» 1-4 сыныптар арсында ұйымдастырылды.

01 қаңтар- «Қысқы ертегі» шығармашылық жұмыстардың фото көрмесі» отбасылық жаңа жылды қарсы алу туралы суреттер, видеороликтер жасалды. 02 қаңтар-  «Қысқы» балалар сурет байқауы» 1-6 сыныптар арасында сурет байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

 03 қаңтар- «Таланттар әлемі!» балалардың сөйлеген сөздерін тарату (әндер, билер, шешендік өнер)  оқушылар өз өнерлерімен бөлісті.

 04 қаңтар- «Қысқы ойындар», «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»   тақырыптарында оқушылармен спорттық ойында өткізілді.

   05 қаңтар- «Отбасылық дәстүрлер: бос уақыт, коллекциялар» отбасылық

   жәдігерлер туралы  ойларымен видеороликтер түсіріліп жіберілді.

 06 қаңтар- «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»   тақырыптарында оқушылармен спорттық ойында өткізілді.

07 қаңтар - «Жаңа жылдық қолөнер» табиғи материалдан жасалған қолөнерден көрме ұйымдастырылды.

  «Жаңа жылдық қолөнер» табиғи материалдан жасалған қолөнер көрме

  ұйымдастырылып, барлық оқушылар қамтылды. 

Іс-шаралар  балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін іске асыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, қиын өмірлік жағдайдағы  балалармен отбасылар үшін қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға   бағытталды.