Педагог- психолог Майлыбаева Жупар » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог- психолог Майлыбаева Жупар
20
ноябрь
2023

Педагог- психолог Майлыбаева Жупар

  Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, буллинг, кибербуллинг ,зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы 

                                  Анықтама


 2023-2024оқу жылының   қыркүйек айының 06-жұлдызында 8-11сынып оқушыларымен «Буллинг және кибербуллинг» туралы   ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.   Оқу жылының басында   аутодеструктивті мінез-құлықтың   алдын алу бойынша  іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды. 

    Қыркүйек айының 8-жұлдызында  5-11сыныптар арасында «Жеткіншекке жаднама»   ережесімен таныстырылып, қандай қиын жағдай болмасын қолдау көрсетілетіні туралы  және  «Сенім»   жәшігі, сенім телефоны туралы ақпараттар берілді. 9-11сынып оқушыларымен  «Болашаққа саяхат»  психологиялық тренингі  жүргізіліп, кері байланыстар алынды. Сынып жетекшілермен тәуекел топты анықтау   бойынша «Тәуекел топ өлшемдері» диагностикалау әдістемесі таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.


    Қыркүйектің   13-жұлдызында    Ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балалар арасындағы тәрбие жұмыстары бойынша медбикемен бірлесіп, «Ерте жүктіліктің салдары» тақырыбында 7-11сынып қыздар арасында әңгіме жүргізілді.Әңгіме барысында медбике Ж.Талғарбаева  жастықтың дәмін татпай жатып, зарын тартатын жас буын өкілдеріне керек емес жүктіліктің болашағына, денсаулығына тигізер кері әсері туралы толыққанды мәлімет берді. Педагог психолог К.Курманиязова «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?»тақырыбында   слайдтар көрсетіп, кеңестер берді.Жасөспірім қыздар  жаман әдеттерден аулақ болатыны, болашақтары өз қолдарында екені туралы өз ойларымен бөлісті.Педагог-психолог Ж.Майлыбаева психологиялық жаттығулар жүргізіп, кері байланыс алды.

    Қыркүйектің   19-жұлдызында 5-8 сынып оқушыларынан өзін-өзі бағалауын анықтау бойынша проективті тесті жүргізілді. Нәтижесі бойынша оқушылардың бағалау деңгейлері анықталып, өзін бағалауы төмен деңгей көрсеткен  оқушылармен сынып бойынша түзету жұмыстары  «Бүгінгі күннің оқушысы», «Ыстық орындық» жаттығулары  жүргізілді және жекелей әңгіме жүргізіліп кеңестер берілді. 5сынып оқушыларынан жағымды жағымсыз мінез-құлық бітістерін аныұтау мақсатында «Кактус» әдісі жүргізілді.нәтижесінде жалпы сыныптағы   оқушылардан қалыптан тыс агрессия, жағымсыз мінез-құлық  бітістері анықталмады. Сыныптағы психологиялық  ахуал қалыпты жағдайда.


 Қыркүйек айының 22-жұлдызында жалпы ата-аналар жиналысында ата-аналарға «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу » бойынша жадынамалар тарқатылып, видеороликтер көрсетілді. және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»   тақырыбында үндеу қабылдады. . Қыркүйек айының 27-жұлдызында «Буллинг,  кибербуллинг деген не?» тақырыбында  сынып жетекшілер семинары болып өтті. Семинарда сынып жетекшілерге «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?» буллингтің түрлері тақырыбында ақпараттар беріліп, тақырып бойынша слайдтар көрсетіліп, кері байланыс алынды.    Буллинг-әлеуметтік желі арқылы танысу, қорқыту, зорлық көрсету, психологиялық шабуыл жасау. Түрлі суреттер салу арқылы ақша талап ету, әсіресе кәмелеттік жасқа толмағандар үшін қауіпті.   Кибербуллинг-интернеттің барлық саласында, соныі ішінде электронды пошталар интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер тиісті технологияларды видиолар мен камераларды орынсыз пайдалану туралы мұғалімдерге толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Сынып жетекшілерге әрбір сыныптағы оқушылардың бойындағы өзгерістерді байқау барысында ролі ерекше зор екендігі атап өтілді.Ата-анамен байланыса отырып, оқушылардың интернетті  дұрыс пайдалану, қолдану туралы үнемі қадағалауды күшейту туралы кеңес берілді. Буллинг және кибербуллингке ұшыраған жағдайда сенім телефондарына, мектеп педагог-психологіне хабарласа алатындығы туралы жадынама әрбір сынып жетекшіге таратылды.

     Қазан айында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша суицидке бейім оқушыларды анықтау мақсатында  8-11сынып оқушыдарынан СБА Королева сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша депрессия, невротизация деңгейі жоғары оқушылар анықталмады. Сыныптағы тұлғааралық қатынастарды диагностикалау мақсатында 5-11сынытардын Дж. Морена әдісі алынды. Оқшауланған оқушылар бойынша сынып жетекшілерге ұсыныстар берілді.Зорлық-зомбылықтың алдын алу  бойынша 5-11сынып оқушыларынан «мен зорлық-зомбылық туралы не ойлаймын»тақырыбында жасырын сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған оқушылар анықталмады.Қазан айында  жыныстық тиіспеушіліктің , құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 8-9 сынып оқушыларынан   «Жасырын» сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде оқушылардың бойында жағымсыз фактілер анықталмады. Қазан айында  8-11 сынып оқушылары арасында «Буллингке жол жоқ, буллингке қарсымыз!» тақырыбында  профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, оқушылар үндеу қабылдады.

Ролдік ойындар, жағдаяттар көрсетіліп, оқушылар өз пікірлерімен бөлісті және буллингке қарсы екендіктерін қол қою арқылы білдірді. Қазан   айында  мектеп ұжымымен, техникалық қызметкерлермен суицидке байланысты вахтерлық көмек ретінде  «Суицид вахтерлары» ұйымдастырылып,аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша алдын алу бойынша өз септігін тигізіп, жұмыс жасайды.

  Қараша айында 6-7 сынып оқушыларынан стреске бейімділігін анықтау бойынша Ховард, депрессия күйін анықтау бойынша Балашова сауалнамалары жүргізіліп, нәтижесі бойынша оқушылар бойынан стреске бейімдіктің, депрессия күйінің төмен деңгейлерін көрсеткені анықталды.5-8сыныптармен «Өмір, мен сені жақсы көремін», 9-11сыныптармен «Өмір қымбатсың мағанІ» тақырыбында эссе жазылып, жекелей талданды. Эсселер жаздыру арқылы оқушылардың өмірге деген құштарлықтарының, қызығушылықтырының   жоғары екені, өмірді қадірлей, бағалай білетіндіктері өмірді  берілген сый , сол сыйды мәнді өткізу керек екендері туралы өз ойларын жеткізген. Барлық оқушыладың өмірге көзқарастарының позитивті екені анықталды.