Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова .Г » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова .Г
19
март
2024

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова .Г


2024 жылдың 28 ақпан- 01 наурыз аралығында  Алғыс айту күніне орай Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Алғыс айту күнін

мерекелеудің тұжырымдамасының  іс-шара   жоспары бойынша 

Анықтама

          1 наурыз «Алғыс айту күнін» мерекелеуге арналған іс-шара жоспары жасалып, бекітілді.

Алғыс айту күнін мерекелеудің мақсаты – мейірімділік, достық, ризашылық, азаматтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі сияқты адами құндылықтарды қоғамда ілгерілету арқылы қазақстандық бірегейлік пен халық бірлігін дамыту және нығайту.

Міндеттері:

- бірлік, ынтымақ, еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, кәсіпқойлық, өзара қолдау, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық, ұқыптылық сияқты жалпыұлттық құндылықтарды нығайту және ілгерілету;

- қоғамда этносаралық келісім мен бірліктің басты факторлары ретінде қайырымдылық, мейірімділік және алғыс қағидаттарын бекіту;

- қоғамда барлық өмірлік жағдайларда, соның ішінде жедел және төтенше жағдайлар кезінде көрсетілген көмек үшін бір-біріне деген түсіністік, құрмет пен ризашылық білдіру сезімін кеңейту;

- қазақстандық бірегейлік, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;

- қоғамда, әсіресе жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды«Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі», / «Адамгершілік – асыл қасиет», / «Адамның рухани байлығы – адамгершілік», / «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» ұраны арқылы танымал ету.

Мектепішілік «Қоржын» акциясын әлеуметтік педагог Н.Кермухаметова өткізді. Қамқорлық акциясына байланысты мектепте «Қоржын» атты іс-шараға орай  аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар қамтылды. Білім алушыларда акцияға қатысып,  оқушыларға   өздерінің қалауымен оқу құралдарын беріп, өз үлестерін қосты. Осындай іс- шараға қатысып, қол ұшын берген мектеп әкімшілігіне ұстаздарға, оқушыларға ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз. 

«Алғыс айту – парызың...» тақырыбында эссе жазуды қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімдері  8-10 сынып оқушылар арасында өткізді. 

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

«Қазақстан – бақыт мекені» Қазақстан этностары туралы бейнероликтермен деректі киноларды 5-10 сынып оқушыларына мектеп кітапханашысы М.Найманбаева көрсетті.

«Туған жерім – жүрегімде!» шетелде тұратын Әулиеағаш орта мектебін бітірген шәкіртіміз Оспанбаева Ақниет АҚШ мемлекетінің Бостан қаласынан  онлайн-құттықтауын жолдады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы туралы «Тарих тағылымы» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырлып қойылды.;

«Алғыс-Әкеге, алғыс-Анаға, алғыс барша әлемге» тәрбие сағатын  

 7а,б сынып жетекшілер өткізді.

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: ризашылық,   рахмет, алғыс туралы түсінік беру; үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық, әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

               «1 наурыз-Алғыс айту» мерекесіне орай «Ізгіліктің бір ізі-алғыс айту» мерекелік кеш ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық ,  ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.