Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхамеджанова Гулнар Қалибекқызы » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхамеджанова Гулнар Қалибекқызы
27
март
2023

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхамеджанова Гулнар Қалибекқызы

«22 Наурыз- Ұлыстың ұлы күні»  мерекесін   атап өтуге арналған     іс-шара жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстардың

АНЫҚТАМАСЫ

 Наурыз мерекесін  атап өтуге арналған іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. Мектеп директоры    Г.З.Қойжаярованың басшылығымен тәрбие саласында   наурыз мерекесінің  жоспары құрылды. 

Жоспарға сәйкес «Көктем аруы-2023» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында байқау ұйымдастырылып өткізілді.«Қазақтың салт-дәстүрлері» көрісу жорамалдарын ұйымдастыру 1-11  сынып   жетекшілері   оқушыларымен   сынып сағатын  өткізді.    Сынып сағатының мақсаты:  Баланы жан-жақты дамыту. Балаға ұлттық тәлім-тәрбие беру.Өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанып, қадірлеуге тәрбиелеу. Балаларға қоршаған әлемнің тұтас бейнесін адамдар мен табиғат әлемінің арасындағы өзара байланыс пен тәуелділігін түсінуін қалыптастыру. 

       Сынып сағатында қойылған мақсаты бойынша оқушыларға көрісу күні   туралы  видеороликтер, презентациялар таныстырылып,  сынып оқушыларына аудиозаписьтер арқылы   түсіндірмелер жүргізілді.         

  Жоспарға сәйкес  «Ұлттық қолөнер-ұлттық қазына»  сурет байқауы өткізілді.

 " Наурыз мейрам"   іс шара жоспары жасалынып,күнделікті жоспарға сәйкес іс шаралар атқарылып   жатыр  "Атадан- өсиет, анадан-қасиет» " тақырыбында « Жалын» дебат клубының мүшелері дебат өткзді.

 «Наурыз-тазалық бастауы» тақырыбында  ата-анама көмегімнің бір күні оқушылар ата-анасына, мектепке  көмегін ұйымдастырып өткізілді.

 Қазақтың ұлттық ойындары тақырыбында видеороликтер көрсетілді.

 Дене шынықтыру пән мұғалімдері " Ойлайық та, ойнайық!» тақырыбында тоғызқұмалақ, асық ату ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.

«Қазақстанның салт-дәстүрлері»   тақырыбында  ОЖҰ-ның оқушылары видеороликтер мен презентациялар жасап, әлеуметтік желіге жүктелді. «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаты өткізілді. «Наурыз-бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» атты 9 б сынып оқушылары ашық тәрбие сағатын өткізіп, көрермендерге эақсы көңіл-күймен  мерекелік кеш сыйлады Іс-шаралар сақтық шараларын сақтай отырып, жоспарға  сәйкес өткізілді.