Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Мухамеджанова
Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақытындемалысын ұйымдастыру бойынша іс-шара жоспарына
Анықтамасы
Балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі және балалардың шығармашылық дамуына, олардың рухани әлемі мен интеллектін байытуға мүмкіндік екені баршаға аян.
Демалыс - бос, оқу сабақтарының уақыты, балаға ерекше назарды «аймақ», оны әлеуметтік қорғау болып табылады.
Оқушылардың күзгі демалысы кезінде пайдалы және белсенді іс-әрекет жүйесін жетілдіруге және дамытуға бағытталған.
Балалардың заңды мүддесімен құқықтарын қамтамасыз ету - Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі.
Демалыс кезіндегі балалардың бос уақытының қамтылуын ұйымдастыру - мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. Бұл уақыт балалардың шығармашылық, рухани-адамгершілік, интеллектуалды дамуына мүмкіндік береді.
Демалыс кезеңі - балаға әлеуметтік қолдау көрсету және ерекше назар аудару уақыты болып табылады.
Мақсаты: күзгі демалыс кезіндегі балалардың шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерін, дене бітімін жетілдірудің құндылығын дамытуға бірыңғай іс-шаралар өткізуге бағыттау.
Міндеттері:
1. Күзгі демалыс кезіндегі баланың бос уақытын тиімді пайдалануға және демалыс жүйесінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау.
2. Күзгі демалыс кезінде балалардың денсаулығы мен сауықтыруына, демалысына әдістемелік қолдау көрсету.
3. 1-11 сынып оқушыларының іс-шараларға толық қатысуын қамтамасыз ету.
«Әулиеағаш орта мектебінде» жоспар жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша 28 қазан мен -03 қараша аралығында барлығы қамтылып өткізілді.
28-қазан мен 03 қараша аралығында «Ұлттық ойын- халық мұрасы» тақырыбында ұлттық ойындардан жарыс өткізілді.02-қараша Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай спорттық шаралар ұйымдастырылды. «Волейбол», «Футбол» спорттық үйірмелердің бір күнді спорттық күнге арнап барлық сынып оқушылары қамтылды. Мектеп спорт залдары мен мектеп ауласында жарыстар өткізілді.
01-қараша «Күз әлемінде», «Алтын күз» тақырыптарында сурет байқауы ұйымдастырылып, оқушылар қызғушылығы жоғары деңгейде болды.
28 қазан күні «Күзгі асар», «Күз- әсемдік әлемі» тақырыбында күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды.
Балалар қауіпсіздігінің алдын алу бойынша ата-аналарға арналған нұсқаулықтар жүргізілді. Каникул күндері өмір қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі туралы түсіндірілді. Мектепішілік есепте, қолайсыз отбаслыраны рейдтік шара ұйымдастырып мектеп инспекторы С.Ж.Абуов, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары барлық оқушылардың үйлерін аралады. Іс–шаралар құқықтық ақпараттандыруға, шығармашылық, интеллектуалдық дамуын жүзеге асуыруға ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналды.
https://www.facebook.com/share/p/xtPznxPC6KjRYcrr/?mibextid=WC7FNe
https://www.facebook.com/share/p/k2xUTrNMHC1sBnUb/?mibextid=WC7FNe
https://www.facebook.com/share/p/Povg7hcCk8M2YFq9/?mibextid=WC7FNe
https://www.facebook.com/share/p/xLXS72oBuKm6rizm/?mibextid=WC7FNe
https://www.facebook.com/share/p/nSBEJeQyU5ZG81Nd/?mibextid=WC7FNe
https://www.facebook.com/share/p/7rhNyyN7ipEKf925/?mibextid=WC7FNe
https://www.facebook.com/share/p/kEE39ux5mExXzF93/?mibextid=WC7FNe
https://www.facebook.com/share/p/5gzj93GyBpFaohHi/?mibextid=WC7FNe
https://www.facebook.com/share/p/Myd4DY5FzAX1XuY5/?mibextid=WC7FNe