Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова .Г » Әулие ағаш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әулие ағаш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова .Г
18
март
2024

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова .Г

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығыны бойынша жүргізілген жұмысына


АНЫҚТАМА

24.10.2023 күні  білім беру ұйымдарындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі нұсқаулыққа сай  1-4 сыныптың ата-аналарына  арналған  жоспары бойынша 3 сынып жетекшісі А.С.Байденова  мектеп сихологы К.Д.Курманиязовамен бірлесе отырып «Отбасы – бақыт бесігі» тақырыбында тренинг сабағын өткізді   

Мақсаты: ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру. 

Міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету.

2. Отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамыту.

3. Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіндіру.

Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер

Позитивті қарым-қатынас, тәрбие, шығармашылық, ұрпақтар сабақтастығы, денсаулық, достық, сүйіспеншілік.

Еңбекқорлық, жауапкершілік, қызығушылық, ашықтық, мейірімділік, өзіне деген талапшылдық, позитивті көңіл-күй.

26.10.2023 күні  5-8 сыныптың ата-аналарына арналған жоспар бойынша  «Баланың бас ұстазы – ата-ана» Позитивті тәрбие тақырыбында А.Ә.Жарылғапова  дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге аналар кеңесінің төрайымы  және әжелер мектебінің мүшелері мен ата-аналар қатысты      

Дөңгелек үстолдің мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.

Міндеттері:

1.Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру.

2.Ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру.

3.Ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу.

Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

  • ата-ана борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрметі, сенімі, қамқорлығы, ашықтығы;
  • адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, оптимизм, позитивті ойлау, эмоционалдық интеллект, ынтымақтастыққа дайын болу, әзіл сезімі.

26.10. 2023 күні сағат 16.00 -де  «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу..».Адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу - тұлға қалыптасуының негізі тақырыбында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына Ж.Т.Сабанбаева сабақ өткізді.